Ауыл елдігін танытты

Шиелі ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне ескерткіш тақта орнатылып, елді мекеннің 85 жылдығы аталып өтілді.

  Шиелі ауылы 1930 жылы төңіректегі 15 ауыл-ды біріктіріп құрылған. Кейін Еңбекшілдер ауданындағы Прогресс колхозының құрамына кірген. 1961 жылы Шучье ауданының Қотыркөл кеңшары, 1967 жылы Климов кеңшарының қарамағына көшті.
Қазіргі уақытта ауылдағы «Шиелі Агро» серіктестігі, «Әсем», «Ақсұлтан» және «Айза» шаруа қожалықтары дән егіп, мыңғыртып мал өсіріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Бүгінгі күні аталған елді мекенде 55 шаңырақ бар. 200-ден астам адам тұрады. Ұлы Отан соғысы кезінде шиеліліктер 100-ден астам ұланын Отан қорғауға аттандырған екен. Олардың есімдері бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен ауылдың 85 жылдығына орай шиеліліктер майдангерлердің есімдері жазылған ескерткіш тақта орнатты және ат шаптырып, ас берді.
Бурабай ауданы.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар