Иманды іс, инабатты шара

Таяуда Жылымды мектебінің ұстаздары мен оқушылары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге көрсеткен мазмұнды шара өткізді.

Кеш барысында зұлмат жылдардың қасіреті жайлы жанды әңгіме айтылып, аталарымыз бен әкелеріміздің өшпес ерлік істері дәріптелді.
Жылымды ауылынан қан майданға аттанып, ел басына күн туғанда Отан қорғаған ерлердің есімдері аталды. Олардың аруақтарына тағзым етілді. Шараға жиналғандар есті естелік, әсерлі мысал, өміршең өнегені өзек етіп, жан тебірентерлік жайларды ортаға салды. Сонан соң мектеп өнерпаздары жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем ән шырқалып, би биленді.  Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кенжебай Тұрысбеков өз өлеңдерін оқып берді. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан аталарымызды еске алу мақсатында информатика пәнінің  мұғалімі Арайлым Есжанова «Ардагерлер бізбен бірге өмір сүрді» атты бейнефильмді көпшілік назарына ұсынды.  
Жиын соңында аруақтарға бағышталып құран оқылып, ас берілді. Бұлақ селолық округінің әкімі Оралбек Бекішов барша қауымға ізгі тілегін білдірді. Осы бір жып-жинақы, иманжүзді шара ең алдымен өмірден қыршын кеткен соғыс құрбандарының аруақтарына құран оқыту, ерлік істерді кейінгі жасқа өнеге ету жайымен ерекшеленді.  

Арай САҚТАҒАНОВА,
мұғалім.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар