Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында Аршалы ауданының өнерпаздары бас жүлдені жеңіп алып, аудан мерейін үстем етті.
Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен бас жүлдеге ие болған өнер ұжымына Газель маркалы автокөлік сыйға тартылды. Бұл өнерпаздардың алғашқы жеңісі емес, аршалылықтар 10 жыл бойы байқауда алдыңғы қатардан көрініп жүр. Бұл ретте аудандық мәдениет бөлімінің жетекшісі Л.Гросс, мәдениет үйінің жетекшісі Т.Тінәлина, орталық кітапхана жүйесінің қызметкері В.Карпичтің еңбегін атап өткен жөн.
Рамазан Төлеубай,
Сүлейман Демирел университетінің 3-курс студенті.