Қоржында күміс медаль

Ерейментау ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бұрынғы жаттықтырушысы Елена Касаткинаны еске алу құрметіне орай әйелдер арасында волейболдан турнир өткізілді.

Турнирде Павлодар, Ақсу қалалары мен Егіндікөл ауданы және  Сараба селолық округінің құрама командалары  жақсы ойын көрсетті. Әсіресе, Аршалы ауданының Сараба селолық округінің құрама командасындағы Жанна Әділова, Алена Дундукова, Диана Назаренко, Анна Лось, Марина Бахыт, Айжан Сайлау, Кәмила Әбілдиновалардың есімін ерекше айтып өткен жөн.
Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды павлодарлықтар алса, екінші орын аршалылық волейболшы қыздарға бұйырды. Үшінші орынды Ақсу қаласының командасы иеленді.
Рамазан АМАНГЕЛДІҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар