«Өңір» өңірдің жағдайын ойлайды

 Кеше Қазақстан Рес-публикасы Парла-менті Сенатының депутаты Михаил Бортник бастаған «Өңір» депутаттар тобы Астрахан жəне Атбасар аудандарында болып, агроөнеркəсіп кешеніне иннова-циялық технологияларды енгізу мәселелері бойынша көшпелі мәжіліс өт-кізді.  Депутаттардың жұмыс сапары барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев бірге болды.

  Сенаторлардан құрылған депутаттық топ алдымен бройлерлі құс етін өндіретін «Астрахандық құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне ат басын бұрды. Астрахан ауданының Новочеркасск селосында орналасқан бұл кəсіпорын өткен жылы 700 тоннадан астам ет өнімдерін өндірсе, биыл бұл межені үш мың тоннаға жеткіземіз деп жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мұнда елу адам жұмыспен қамтылып, әрқайсысы шамамен жетпіс мың теңге жалақы алады. Серіктестіктің бас директоры Асқар Мақашевтың айтуынша, кəсіпорын облысымызды, сондай-ақ, Астана, Павлодар, Петропавл, Қарағанды қалаларын құс етімен қамтамасыз етуде. Нарыққа шыққанына тек бір жылдан астам уақыт өтсе де, құс фабрикасының өнімдері тұрғындар арасында зор сұранысқа ие. Кəсіпорынның бас директоры сенаторларға фабриканы түгел аралатып өтті. Жұмыс барысымен таныса келе, халық қалаулылары тұрғындарға өнімді қолжетімді бағамен сату үшін өз сауда орындарын ашу туралы ұсыныстарын білдірді.
Одан əрі сенат депутаттарының өңірімізге жұмыс сапары Атбасар ауданындағы көпсалалы ауыл шаруашылығы кəсіпорны – «Бастау» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінде жалғасты. Құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қуаныш Айтаханов, Жабал Ерғалиев, Рәшит Əкімов, Мұратбай Жолдасбаев, Владимир Бобров бар депутаттар тобы мен басқа да ресми адамдар серіктестіктің мал жайылымдарында болып, қазақтың ақбас сиыры мен шетелден əкелінген ангус ірі қара малын өсіруде
туындап отырған бірқатар өзекті мəселелерге қанықты. Нақтырақ айтсақ, малдарға салынатын екпе құны тым қымбатқа түсетіндіктен, жұқпалы диарея, бруцеллез сияқты мал ауруларына қарсы вакцина уақытында жасалмайтын көрінеді. Өйткені, шаруашылық басшыларына екпелерді өз қаржылары есебінен сатып алу қиын. Онсыз да істерін несиенің көмегімен дөңгелетіп отырған кəсіпкерлерге бұл үлкен ауыртпалық. «Өңір» депутаттар тобы жетекшісінің орынбасары, сенатор Қуаныш Айтаханов осы мəселеге Үкімет назарын аударып, екпе сатып алуға мемлекеттен субсидия бөлінуіне күш салатындықтарын жеткізді. Біраз уақыттан бері шешілмей келе жатқан мəселе – малдардың терісін, əсіресе, қойдың жүнін тиімді пайдалана алмау. Депутаттар бұл проблеманы да Үкіметке жеткіземіз деп сендірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан, Атбасар аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар