Салауатты өмір үшін

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында жеңіл атлетикалық жүгіруден «Жастар салауатты Қазақстан үшін!» атты сайыс болып өтті.

  «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында бұл шараны «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы, Көкшетау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Барлығы мыңға жуық жас қатысқан жүгіруде жеңімпаздар да анықталды.
Қыздар арасында Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің оқушысы Томирис Жүсіпова чемпион атанса, ал, Жоғары техникалық мектебінің шәкірті  Роман Кельш ерлер арасынан топ жарды. Эстафета қатысушыларына сертификаттар тапсырылып, жеңімпаздар медальдарға ие болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар