Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы халыққа қолдау көрсетіліп отыр.

 Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады. Қала тұрғыны Әскер Мұқатов 2 миллион теңге көлемінде несие алып, жеңіл көлік жөндейтін орталық ашты. Әзірше, оның қызмет көрсету орталығы шағын. Алдағы уақытта кәсіпкер оны кеңейтіп, қосымша тұрақты жұмыс орындарын ашпақшы.  
Сондай-ақ, аудан орталығында газ құю бекеті іске қосылды. Оған дейін тұрғындар газ балондарды сырттан сатып әкелсе, енді газды қалағанынша  қолжетімді бағаға құйып ала алады. Қазір мұнда 6 адам жұмыс істейді. Айта кетерлігі, биылғы жылы аудан бойынша 14 адамға жаңа кәсіпорындарды ашу үшін 40 миллион теңгеге жуық шағын несие беріледі деп күтілуде. Таяуда ағаш өңдеу цехы, қоғамдық монша сынды жаңа нысандар жұмысын бастайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар