Жасұландықтар қатары толықты

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин ескерткіші жанында  4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай патриоттық акция ұйымдастырылып, мектеп оқушыларын «Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігіне салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті.

Салтанатты шарада Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, жасұландықтарға ақ жүректен ізгі ниетін арнады.
Қазіргі таңда облыс бойынша «Жас ұлан» ұйымында 5 мыңнан астам оқушы бар. Оның қатары тағы да 50 баламен толықты. Олардың ішінде Жәнел Жүнісова, Бекзат Болат, Айым Әмірхан, Елизавета Жилкина, Нұрболат Беркімбаев, Нелиса Бретош, Мақпал Оразбекова есімді оқушылар бар.
Жиында оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді балаларға салтанатты жағдайда көк түсті галстуктер тағылды. Осы орайда жаңадан «Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылданған №14 орта мектебінің оқушысы Әлихан Айдарханов жасұландықтар атынан Қазақстан Республикасының патриоты болып, Отанымызды шексіз сүюге және «Жас ұлан» ұйымы ережесін бұлжытпай орындауға ант етті. Сондай-ақ, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының оқушысы Аягөз Тілектесова да өзінің осындай жүрекжарды лебізін білдірді.
Шара соңында жасұландықтар мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін аспанға шар ұшыруымен білдірді.
   
Рамазан ТӨЛЕУБАЙ,
Сүлейман Демирел университетінің 3-курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар