Оқу зертханалары көбейе түсуде

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің техника және технологиялар факультетінде оқу зертханалары мен тау-кен ісі кафедрасында минералдар мұражайының салтанатты ашылуы болып өтті.

Салтанатты шараға университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров  пен «Көкшетауқалаауылжобасы» жобалау институтының директоры Әміржан Оспанов, «Алтынтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сайран Баянжанов пен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Университет ректоры құттықтау сөз сөйлеп, техника және технология-лар факультетінде жеті бірдей оқу зертханасының ашылуы қуанышты оқиға екенін тілге тиек етті. Бұдан бөлек өзге де факультеттерде жалпы саны 25-тен аса оқу зертханалары кешендерінің іске қосылғанын айтып, оның барлығы қазіргі заман талабына сай жабдықталғанын жеткізді. Ал, тау-кен ісі кафедрасының жанынан ашылған минералдар мұражайы Қазақстан мен облыс аумағында табылып, ғылыми негізде зерттелген  пайдалы қазба түрлерінің тау жынысы үлгілерімен жабдықталған. Тау-кен ісі мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге геологиялық білімді насихаттап, минералдар мен тау жыныстарының қасиетін терең танып білуге бағытталған музей жұмысына университет ректоры оң бағасын берді. Тағы бір айта кетерлігі, осы оқу орнының құрамына кіретін  Смағұл Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтында да «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мен «Агрохимия» зертханалары ашылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар