Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оразақ ауылында тұрғын үйлер құрылысы басталды - АРҚА АЖАРЫ

Оразақ ауылында тұрғын үйлер құрылысы басталды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко жұмыс сапарымен Целиноград ауданының  Оразақ ауылында болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарының  алғашқы аяқалысымен танысты.

  Мердігерлік ұжымдармен кездесу барысында құрылыс сапасы мен үйлердің уақытында берілу мерзіміне баса назар аударылды. Көктемгі су тасқынынан  Оразақ ауылында 200 тұрғын зардап шеккен болатын. Бүгінде мұнда абаттандырылатын және инженерлік желілері бар 100 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Әр үйдің көлемі 83,6 шаршы метрді құрайтын болады. Бұл үйлер тұрғындарға тегін ұсынылады, 10 сотық жер аумағы қоршалып, шаруашылық қажеттіліктер үшін қосымша жайлар да салынады.  Бүгінде бұл үйлердің құрылысы үшін компания сип материалдарын дайындайтын зауыт сатып алған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне  1,2-2 үй. Өздерінің жұмыс сапары барысында Сергей Кулагин мен министрдің орынбасары Владимир Божко осы зауытқа да ат басын тіреп, кәсіпорынның қызметімен танысты.  
Облыс әкімі ауылды аралау барысында палаталар қалағышында болып,  тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, орта мектепте зардап шеккен тұрғындарды толғандырған барлық сауалдарға жауап беріп, оларды аздап шыдамдылық танытуға шақырып, ешкімнің баспанадан шет қалмайтынын жеткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында құрылыс компаниясының  басшылары жиналғандарды үй құрылысының барысымен және салынатын үйлердің жобаларымен таныстырды. Өз кезегінде «Іскер ТТЖ» ЖШС компаниясының басшысы Данияр Тұрғынбаев тұрғындарды Оразақ ауылындағы үйлер тамыз айының аяғында тапсырылатын болады деп сендірді. Бұған қоса, Ағанас және Шнет ауылдарының судан зардап шеккен тұрғындары үшін  Целиноград ауданының Ақмол және Қосшы ауылдарында екі 45 пәтерлі үйлер салу да жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар