Қастерлі құндылық

 

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында «Мемлекеттік рәміздер Қазақстандық патриотизмнің бастауы» атты дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.

 

Облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігі мен қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі бірлесіп өткізген бұл шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналды.
Аталған бірлестік төрағасы Мейрамбек Қиықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр Суховецкий, тағы басқалары баяндамалар жасап, жиналған қауымға елдік нышандарымызға соңғы уақытта енгізіліп жатқан кейбір өзгерістер жайлы айтып берді. Шара барысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп оқушылары арасында өткізілген шығарма жазу байқауының жеңімпаздары марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар мен дип-ломдар табыс етілді.          

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар