Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Зерде кітабы» жарық көрді - АРҚА АЖАРЫ

«Зерде кітабы» жарық көрді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жарық көрген «Ақмола облысының зерде кітабының» тұсаукесер рәсіміне қатысып, сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысында қан майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен майдангерлерді ел есінде мәңгі сақтау қасиетті парызымыз екендігін атап көрсетті.

Салтанатты шараға көпшілік қауым көптеп жиналды. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, түрлі мекеме басшылары да бар. Бәрі бір кісідей кітаптың салтанатты таныс-
тырылу рәсіміне қатысып, сұрапыл соғыс жылдарын еске алды. Бұрындары ата-бабаларымыздың ерліктерін еске алу үшін батырлардың ескерткіштеріне тағзым етіп келсек, «Ақмола облысының зерде кітабы» да жастардың өткен тарихымызды ұмытпауына себепші болмақ. Ол үшін он томдық еңбек облысымыздың барлық аймақтарындағы кітапханалар мен білім беру мекемелеріне жөнелтілетін болады. Бұл туралы көпшілік алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары да айтып өтті.  
–Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл уақыт өтсе де, оның тарихи мән-мағынасы, ата-бабаларымыздың ерліктеріне деген біздің құрметіміз жыл санап артып келеді. Солай болуы да керек. Өйткені, олар біздің жарқын болашағымыз бен бақуатты өміріміз үшін жан аямай күресті. Соғыс жылдары майдан даласына 63 мыңнан астам ақмолалық сарбаздар аттанса, соның тең жартысы жау қолынан қаза тапты. Жастарымыз үлгі-өнегені, отансүйгіштікті басқа жерден емес, өзіміздің батырларымыздың жүрген жолына қарап  үйренуі қажет, – дей келе, барлық қатысушыларды осынау айтулы оқиғамен  құттықтады. Сондай-ақ, соғыс және еңбек ардагерлеріне Ақмола облысының зерде кітабын салтанатты жағдайда табыс етті.
 Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының өмір деректері жазылған мұндай көптомдық кітап Жеңіс мерекесіне орайластырылып  шығарылып отыр. Оның басылып шығуына көмек қолын созған азаматтарға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов шексіз ризашылығын жеткізіп, кітапқа мүмкіндігінше өшпес ерліктері мен Ұлы Жеңіске елеулі үлестерін қосқан барлық  жерлесіміздің аты-жөндері енгізілгенін атап өтті.
Онан әрі тұсаукесер  рәсімі облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісімен өз жалғасын тапты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы жастардың бойына қазақстандық патриотизмді сіңіру және олардың ел саясатын жүргізуге белсене қатысуы қажеттігі туралы баяндама жасады. Мәжілісте Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Бұланды, Зеренді аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары жаңадан сайланып, «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» фестивалінің қатысушылары мен ардагерлер қозғалысының белсенділері Қазақстан Республикасы Орталық ардагерлер кеңесінің  Алғыс хаттарымен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар