Ең алдымен ар-ождан тазалығы керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бес ұлттық  инсти-туттық реформасы жөніндегі «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»  бағдарламасында кәсіби  мемлекет құрудың маңызды тұстарына жан-жақты тоқталған болатын. Онда жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызметшінің ар-ождан тазалығын сақтау арқылы қоғамға адал қызмет етуі үшін жауапкершілікті нығайту қажет екені баса айтылған еді.

Ал, «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы: «Мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары күшейтілу керек. Меритократия принциптерін қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің жүйелі жұмысын жөнге салу маңызды»  деп атап көрсеткені белгілі. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық  қазіргі заманғы ең қауіпті кеселге жататын, еліміздің барлық тіршілік әрекетінің даму үдерісіне ықпал ететін басты мәселенің бірі болып табылады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты жою жұмысы жоспарлы, жүйелі сипатты қажет етеді. Бұл бағытта Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу және алдын алу, Ар-намыс кодексін сақтау, мемлекеттік қызметтің оң бейнесі мен мәртебесін қалыптастыру бойынша белгілі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтар едік.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы департаменттің жүзеге асырылатын қызметінің айқындылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды әдісінің бірі болып табылады. Өткен есепті кезеңде департамент қызметшілерімен баспасөзде  13 мақала жарияланып, 28 семинар өткізілді, халықпен 353 адам қатысқан 6 кездесу ұйымдастырылды. Аппарат кеңесінің күн тәртібінде әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында бұл тақырып үнемі қозғалумен келеді.
Облыстық прокуратура мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша құқықтық оқыту өткізіледі. Ұжым мүшелерінің дені департаменттің құрылған күнінен жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі мамандар екенін де айтқан жөн. Кадрлық мәселеге ерекше назар аударылып, соңғы екі жылда төрт қызметші бөлім басшылығына көтеріліп, тағы екі жетекші қызметкер бас маман қызметіне  ауыстырылды. Ағымдағы жылдың басында әкімшілік мемлекеттік лауазымға қабылданған тұлғалар үшін тәлімгерлік жүйе енгізілді. Ұрпақ мирасқорлығы өмірде бар, департамент ардагерлері мен зейнеткерлері назардан тыс қалмайды, олармен жыл сайынғы кездесулер игі дәстүрге енді.
Ағымдағы жылдың басынан департамент бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға кірісті. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылдың 9 желтоқсанындағы №303 бұйрығына сәйкес, арнайы мемлекеттік қызметті ұсыну, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң шеңберінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бөлігі бойынша биылғы жылдың бірінші жарты жылдығына тексеріс жоспары бекітілді.
Есеп беру кезеңінде 2 тексеріс жүргізілді. Атап айтсақ, Целиноград ауданының Малотимофеев жалпы түрдегі қарттар және мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік  мекемесі мен Астрахан ауданындағы Первомай психоневрологиялық патологиядағы және демеу-қозғалтқыш аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне тексерістер жүргізілді. Жоспарлы тексеріс барысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Сөйтіп, тексеріс  қорытындысы бойынша кемшіліктерді жоюға ұсыныстар мен іс-шара жоспарымен нұсқамалар берілді. Сондай-ақ,  
Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 84 бабына сәйкес мемлекеттік мекеме басшыларына айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Ақмола облысы медициналық-әлеуметтік сараптамасының тексеріс қорытындысына сәйкес    Тәртіптік кеңеспен жұмыста басшыға мемлекеттік тәртіп деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша жалпы ұсыныстар назарға алынады. Бұл бағыттағы жұмысты жақсару мақсатында шаралар қолданылады. Тәртіптік кеңестің мүшесі ретінде бекітілген кестеге сәйкес маусым айында облыстың Шортанды және Аршалы аудандарында азаматтарды қабылдау жоспарланып отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жазалаушы әдіспен ғана шектелмей, халық арасында сыбайлас жемқорлық әрекетінің әртүрлі формаларын қабылдамау және құқықтық тәрбиені насихаттау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысымен жүргізілуі тиіс. Парақорларды сотқа әшкерелеп тартудан басқа жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек, қоғамды сыбайлас жемқорлық бұзушылығын алдын-алуға және ескертуге жұмылдыру қажет.
Осы мақсатта Тәртіптік кеңес құрамы кеңейтілді, отырыстар ашық тәртіпте өтеді, ал материалдар баспасөз арқылы жарияланады. Мысалы, өткен есепті  кезеңде Тәртіптік кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 34 мәселе қарастырылды, соның ішінде мемлекеттік тәртіпті бекіту бойынша мемлекеттік орган басшыларының 4 есеп беруі мен 30 тәртіптік ісі тыңдалды. Тәртіптік кеңес ұсынысы бойынша 6 адам атқаратын қызметінен босатылса, 8 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жаңа өкілеттік шеңберінде Агенттікпен басқа мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірге сыбайлас жемқорлық қаупіне талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйесі үнемі жетілдірілу үстінде. Мысалы, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғалар үшін мемлекеттік органдардың кез келген лауазымына өмірлік тыйым салынады. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексімен мемлекеттік қызметшілер тәртібінің стандарттары белгіленген, онда заңдылық принциптерін басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру және дүниеқорлық мақсатта қызметтік ақпаратты қолдануға жол бермеу керектігі жазылған. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау сатысында меритократияны  қорғайтын және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет ететін алдын алу тетігі болуы керек.
Мемлекетті дамытудың келелі бұл жоспарының нормативті ережелерін қолдану уақыты келді. Әрбір мемлекеттік қызметші ең алдымен өзінің өсу перспективасын ойлауы тиіс және оған жетуге ұмтылуы керек. Біз басшы ауысқан жағдайда мемлекеттік қызметшілердің мүддесін қорғауымыз қажет.  Кадр қызметінің жұмысына баса мән берілуі тиіс. Сонымен қатар, конкурстық және аттестациялық комиссия қызметінің өміршеңдігін арттыру керек. Мысалы, жоспарлы іс-шара  барысында Бурабай, Есіл аудандарының мемлекеттік органдарында, облыстық ведомстволарда әкімшілік мемлекеттік бос қызмет орындарына конкурстық рәсімді өткізуде, мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатты тағайындауда біліктілік талаптарға сәйкес емес және тағы басқа да қатаң заң бұзушылықтар анықталды. Меритократия принципінде мемлекеттік қызметшілердің мансап сатысындағы өсуін қамтамасыз ету үшін бұл процедураларды сақтау қажет етіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының мәнділігін сезініп, халыққа қызмет ету жолын ойлауы тиіс. Сөзімнің соңында, барлық мемлекеттік қызметшілерді алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Еңбектеріңіз жанып, абыройларыңыз арта берсін.

Қабдуәли ҚҰЛЫШЕВ,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің басшысы,  облыстық
тәртіптік кеңестің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар