Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт жоспары – дамып, өрлеу жолы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт жоспары – дамып, өрлеу жолы

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамнан туындайтын іргелі міндеттерді облысымызда орындау жолдары мен бағыттары талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жасады. Баяндамашы  алдымен 2015 жылдың 15 наурызында «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің еліміздің жаңа саяси бағыты болып табылатын бес институттық реформа жарияланғанын жиналғандардың есіне салды. Аталған реформаны іске асырудың 100 нақты қадамы бір мезгілде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі ұлт жоспары болып табылады. Бүгінгі таңда республикамызда Президенттің жанынан модернизациялау жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, іске кірісті. Сындарлы шешімдер қабылдап, нақты іс-қимыл жоспарын анықтау оның басты міндетіне жатады.
Бұдан әрі баяндамашы 100 қадамның бес бөлімінің әрбіреуіне жеке-жеке тоқтала отырып, осыған байланысты облыстық ведомстволар мен басқармалардың алдында тұрған нақты міндеттерге тоқталды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейте отырып, қоғамды осы кеселден тазарту негізгі мәселенің бірі. Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментіне конкурстар барысында «Б корпусының» жоғарыда тұрған лауазымдарына төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің арасынан конкурс бойынша таңдау жасауды баса назарға алу тапсырылып отыр.
Баяндамада бірде-бір сала мен департамент немесе басқарма өзіне жүктелер міндетсіз қалған жоқ. Облыс әкімі аппараты, аудандар мен қалалардың әкімдерінен бастап неғұрлым қысқа мерзімде баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құрудың 100 нақты қадамына байланысты жұмыстарды тезірек пысықтап, іске кірісу облыс әкімі Сергей Кулагиннің сөзінде де одан әрі нақтылана түсті. Таяу күндері барлық билік органдары жалпы ұлттық жоспарға енгізу үшін аймақ ерекшеліктерін ескере отырып, өз ұсыныстарын берулері керек.
– Бұл орайда, маңызды құжат жарияланғалы ойланып-толғануға уақыт жеткілікті болды. Алда бәрімізді ел мүддесі үшін үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан, қай-қайсыларыңыз болсын, бұл міндетке үлкен жауапкершілікпен қарауларыңыз керек. Оны біз де назардан тыс қалдырмай, айына екі рет талқылап отырамыз,–деп түйіндеді өз сөзін осы ретте облыс әкімі.
Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы алда тұрған міндеттерді шешу жолдарымен таныс-тыра келе, иесіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қосу жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге, облыс басшыларының назарын ауданда электр қуатының ақысы рес-публика бойынша жоғары екеніне аударды. Жалпы, әкім сөзінен ұлт жоспарының жекелеген қадамдары бойынша қазірдің өзінде жұмыс басталып жатқандығы аңғарылды. Облыс әкімі өз кезегінде бұдан былай бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мәселесімен тығыз айналыспай болмайтындығын баса атап өтті. Облыста шикізат алатын карьерлердің де көп жағдайда салық төленбей, тиімсіз пайдаланылатыны айтылды. Ал, электр қуатының тарифі жөнінде аудан басшылары ұсыныс берсе, мәселе қаралатын болады.
Бұдан кейін аппарат кеңесінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Шахмардан Байманов күн тәртібіндегі маңызды мәселе бойынша өз ведомстволарында қолға алынған және жоспарлап отырған  іс-шаралармен таныстырды. Соның ішінде алдыңғы басқармада облысымызға инвесторлар тарту мәселесі әлі де өзекті күйінде қалуда. Жап-жақсы жобалар бар болғанымен, мәселе ұзын арқан, кең тұсауға салынса, осы инвесторлардың тұрақтамау қаупі мол. Сондықтан да, өңір басшысы жаңа басқарма басшысына істің жай-жапсарына тез қанығу қажеттігін көлденең тартты. Жаңа ұлт жоспарын ойдағыдай жүзеге асыруда жастарға жүктелер сенім зор. Осы шаруаға белсендірек қатыстыру үшін олармен тығыз жұмыс істеу қажет. Мәселен, жиі-жиі кездесіп, хал-жағдайларын біліп отыру, белгілі бір мақсатқа тығыз жұмылдыру өз нәтижесін бере түсері анық. Қаралған барлық мәселені қорытындылай келе, облыс әкімі Елбасы осындай бағдарламалық құжаттаманы әрқашан қаржы мәселесімен бірге шешетіндігін, соған орай, мақсат айқын, міндет белгілі екендігін тағы бір еске салып, бүгінгі әңгімеден нақты нәтиже шығатындығына, сөйтіп ақмолалықтар ұлт жоспары болып табылатын 100 нақты қадамға лайықты үлестерін қосатындығына нық сенім білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар