Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа мешіт қашан пайдалануға беріледі? - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа мешіт қашан пайдалануға беріледі?

Дәл қазір осы бір сауал көптеген көкшетаулықтардың көкейінде жүргендігі анық. Елді елеңдеткен құрылыс жұмыстарының уақыты ұзарған сайын ел ішінде анық дерегі, айқын дәйегі белгісіз әрқилы әңгімелер де айтыла бастады. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жалпақ жұрттың ынтасын аударған осы бір сауалға жауап іздеп, Ақмола облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени мұра қорының басқарма төрағасы Болат Жанәділов пен мешіт құрылысының техникалық бақылаушысы Абай Мұхамедқалиевқа жолығып, тілдескен болатынбыз.   

Жаратқан ие жар болса, өзгеше сәулетті, айрықша салтанатты жаңа мешіт шілде айының соңында, ұзаса тамыз айының бас кезінде пайдалануға берілмекші. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сыртында да бітпей тұрған аз-кем жұмысы бар. Біраз уақыт қолбайлау болған аспашамдар жеткізілген. Кіре беріске салмағы бес жүз килограмм тартатын біреуі ілінді. Енді ең бастысы, орталықтағы аспашамды ілу керек. Оның салмағы тура бір тонна.
Мешіт жанындағы екі жағын орай өтетін жылу құбырларын жер асты арқылы өткізу, сөйтіп, автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің жолын ашуды, мешіттің маңайын абаттандыруды қала әкімдігі өз мойнына алған. Қазір тендер өткізіліп, жұмыс басталып кетпекші. Одан соң мешіттің ішіне жиһаз қажет. Бітпей тұрған құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға, іші-сыртын тап-тұйнақтай етіп тапсыруға әлі де 75 миллион теңгедей қаражат қажет екен. Ендігі қолбайлау болып отырғаны осы қаржы. Қасиетті Рамазан айында қалталы ағайын тағы бір  демеп, қаржы табылса, бір айдың ішінде түп-түгел аяқтайтын-ақ жұмыс қалды. Жел сөзге желеу болып отырған жаңа мешіттің жай-күйі қысқаша айтқанда осындай. Алыпқашты әңгіме туғызатын дәнеңе жоқ. Құрылыс ырғағымен  жүріп жатыр. Мұсылман қауымның ақ жарылқап қуанышқа бөленетін күні де жақын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар