Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады. - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катардың қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
– Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздің елордамыздың құрылысына, соның ішінде «Нұр Астана» мешітінің құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орталығының құрылысына жасалған көмекке ризашылық білдіргім келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Бұл жоба Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда. Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар Әмірінің сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
 
Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында түрік халқының ғана емес, барша түркі әлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси және мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар