Соғыс өрті сөнсе де…

Соғыс деген  бір ауыз сөзде қанша қасірет жатқанын білсек қой. Басқыншы жау елімізге басып кіргенде, бейбіт өмір сүрген халқымыздан маза кетті.

Елдегі бас көтерер азаматтар қолына қару алып, майданға аттанды. Біреудің әкесі, енді біреудің баласы  сол кеткеннен туған жеріне орала алмады. Жетім қалған бала, жесір қалған ана қайғысын кім айықтыра алсын дейсің.
Тылда ше, кәрі-құртаңдар ерен еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатты. Ешкім бұл елдік істен сырт қалған емес. Жау қолында қалған өлкелерден көшірілген адамдарды да жергілікті халық құшақ жая қарсы алды. Барымен бөлісті, бір үзім нанын бөлісіп жеді.
Қарап отырсақ,  сол жылдары бір жарым миллионға жуық қазақстандық майданға алыныпты. Оның жартысы ұрыс даласында көз жұмды. Ал, елге оралғандары халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысты.
Соғысқа қатысқан жерлестеріміздің қатарында менің аталарым – Кішкене және Бөкпен Әубәкіровтер  де бар еді. Олар Зеренді ауданына қарасты Жаңаауыл елді мекенінде дүниеге келген.
Кішкене атам 1941 жылдың шілде айында майданға алынып,  келесі жылы Калинин облысы Старицк ауданының Липина деген жерінде қаза табады.
Ал, екінші атам – Бөкпен Әубәкіров  те соғыс басталысымен қолына қару алып, майданға аттанған. Бірақ, олда хабарсыз кетеді. Әлі күнге дейін олар жайлы толық деректер жоқ. Меніңше, өз еріктерімен елін қорғаған аталарым  батыр адамдар болғанында сөз жоқ.  Ұлы Жеңістің  70 жылдығында оларды еске алып, бір ауыз сөз арнауды жөн көрдім. Себебі, олар біздің бақытты болашағымыз үшін жан аямай күресті. Ерлік ешқашан өшпейді.  Елін қорғау қасиетті борыш екенін түсінген аталар ерлігі жаңғыра берсін дегім келеді.

Әйгерім Әубәкірова,
Көкшетау қалалық
 прокуратурасының  инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар