АЛҒЫС

Адам қартайғанда кішкентай бала сияқты болады екен. Қазір менің жасым сексенде.

Жастайымыздан еңбекке ерте араласып, ел үшін маңдай терімізді төктік. Тылда жұмыс істеп, небір ауыр да азапты күндерді басымыздан өткердік. Бүгінде денсаулығымның сыр бере бастауы сол көрген бейнетімнен болса керек. Жуырда облыстық аурухананың кардиология бөлімшесінде жатып, емделіп шықтым. Ауруханадағы медициналық қызметкерлердің қамқорлығы мен жанашырлығы тез сауығып кетуіме септігін тигізді. Аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов бастап,  кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Әбжанова, емдеуші дәрігер Сәтгүл Оспанова қостаған абзал жандарға ризашылығым шексіз. Медбикелер Ольга Коржева, Ақбота Шүкірова, Айгүл Аманова, Гүлім Сыздықова, Александра Свидовая, Гүлмира Төлеубаеваның да есімдерін ерекше атап өтер едім. Ауруханада науқастардың алаңсыз ем алуы үшін барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарайды. Әрбір науқаспен жеке жұмыс жүргізеді десем артық емес.  Олар ем-дом тағайындаумен қатар, емделушілерге психологиялық, моральдық көмек көрсетеді.
Осы ауруханада он күн жаттым. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын осындай мамандардан ем алудың өзі бір ғанибет.  Көтеріңкі көңілмен елге жүріп бара жатып, жолай облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясына соғып, төл мерекелері қарсаңында осы аталық алғысымды жеткізуді жөн көрдім.   

Қанаш ЕСМАҒАНБЕТОВ,
Қоғам ауылының тұрғыны,
еңбек ардагері.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар