«Мейірім» төсбелгісінің иегерлері

Алматы қаласында Ұлттық медицина қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Еуразиялық денсаулық көпірі – 2015» халықаралық конференциясы жер-жердегі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыра түсулеріне қолайлы жағдай туғызды.

Конференция барысында медицина саласына жаңа технологияларды енгізу, медицина қызметкерлері мен науқастардың құқықтарын қорғау, медициналық көмек көрсету сапасы және басқа да мәселелер бойынша баяндамалар жасалып, талқыланды. Сонымен қатар, жарыссөзде медицина саласының қызметкерлері медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру бойынша өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Конференция жұмысына Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас мейірбикесі Бақытжан Кенжеболатова мен бактериологиялық зертхана лаборанты Күләш Шаяхметова да қатысты. Олар бүгінде Ұлттық медицина қауымдастығының мүшелері болып табылады. Биыл  Мейірбике күні  қарсаңында «Мейірім» төсбелгісімен марапатталған  Бақытжан Орынбайқызы мен Күләш Фаритқызы күнделікті жұмыстарында да тынымсыз еңбектерімен көрініп, халықтың денсаулығы  ісіне лайықты үлестерін қосуда.

Жазира НЫСАНБЕКОВА,
Қ.Құрманбаев атындағы
Ақмола облыстық туберкулезге қарсы
күрес диспансері бас дәрігерінің орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар