Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парыз. Құрмет. - АРҚА АЖАРЫ

Парыз. Құрмет.

 Облыс әкімі Сергей Кулагин «Көкшетау» мәдениет сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, халықтың денсаулығын қорғау жолында аянбай қызмет атқарып келе жатқан ақ халатты абзал жандардың қажырлы еңбегіне жоғары баға берді.

  Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнәр Құлышева сөз сөйлеп, Елбасының Жолдауларында денсаулық сақтау саласы үнемі назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, кадрлар санын арттыру, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғысында облыста атқарылып жатқан ілкімді істер тілге тиек етілді. Осы орайда, өткен жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 170 ірілі-ұсақты медициналық құрал сатылып алынған. 2014 жылы 9 нысан пайдалануға берілсе, биыл 14 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы басталмақ. Бірқатары күрделі жөндеу үстінде. Облыс-та жүргізіліп отырған кешенді жұмыс жоспары аясында ана мен бала өлімі, туберкулез ауруының саны азайып, тұрғындар арасында салауатты өмір салты кеңінен насихатталуда.
Осынау жарқын да жайдары, қуанышты сәтте облыс әкімі Сергей Кулагин медицина қызметкерлеріне өзінің жүрекжарды лебізін жеткізіп, саланың басым бағыттарын атап өтті.
– Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Мемлекет үшін халықтың денсаулығынан асқан байлық жоқ. Біздің алдымызда денсаулық сақтау саласын тәжірибелі де білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Күрмеуі қиын осы мәселені шешу үшін біз жастарымызды жоғары оқу орындарында көптеп оқытып, арнайы стипендиялар тағайындаудамыз, – дей келе, облыс әкімі медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін алда да қолда бар мүмкіндікті қарастыратынын жеткізді. Бұл күні денсаулық сақтау саласына бар саналы өмірлерін сарп еткен аға ұрпақ өкілдеріне де құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары тарту етілді.  
Салтанатты жиналыста Сергей Кулагин облыстық аурухананың кардиолог дәрігері Әділхан Әмірғожинге, Жарқайың  аудандық орталық ауруханасының учаскелік дәрігері Нүрикәмал Бимендина мен Ақкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Болат Жүнісовке «Қазақстан Рес-публикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін табыс етті. Ал, Михаил Алексеев пен Николай Қасымбеков «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  төсбелгісіне ие болды. Сондай-ақ, Владимир Ким, Қуандық Бәйкенұлы, Сайра Ахаагаа, Галина Воронова, Валентина
Кастрикина, Людмила Валтер, Аманбай Тортаев, Марина Пош-курлат, Юрий Михель, Айгүл Оспанова, Инна Естаевалар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестік аясында медициналық мекемелерге көмек-қолдау көрсеткен Сағынтай Кенжетаев сияқты демеушілер де облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
Жаздың осы бір жайдары күндеріндей жүздерінен қуаныш пен мейірім шуағы төгілген ақ желеңді абзал жандар шара соңында мерекелік концертті тамашалап, ерекше әсерге бөленді.  

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар