Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапалы азық-түлік – денсаулық кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Сапалы азық-түлік – денсаулық кепілі

Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының заңды жалғасы – «100 нақты қадам» бағдарламасы жаңа тарихи жағдайларда жаһандық және ішкі шақыруларға жауап беру, сонымен бірге, 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіру бойынша Ұлт жоспары болып табылады.

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының негізгі міндеті – өнімдердің Кедендік одақтың техникалық регламенттері анықтайтын көрсеткіштердің сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Біздің орталықтың зертханаларында халықаралық стандартқа сәйкес аккредиттелген және күнделікті пайдаланылып жүрген әртүрлі тамақ өнімдерінің 200-ден астам түрінің, атап айтқанда, ұн, нан мен нан-тоқаш өнімдері, сүт пен сүт өнімдері, ет өнімдері, көкөністер және тағы да басқа  сапасы мен қауіпсіздігін мониторингтеу мақсатында зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, аталмыш орталық қызметкерлері балалардың мектепке дейінгі, оқу-тәрбиелік, емдік-алдын алу ұйымдарындағы, қоршаған ортадағы улағыш және радиоактивті заттардың микроклимат көрсеткіштерін анықтап, тұрғындар пайдаланатын суға, азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдеріне, тұтынушылардың пайдаланатын басқа тауарларының сапасына бақылау мен мониторинг жүргізеді, облыс аумағындағы материалдарда вирустардың, бактериялық аса-қауіпті жұқпалардың бар-жоғына  зерттеулер жасайды.
Облыс әкімінің «Облысты сумен жабдықтау су бұрғыш объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы мәселелері туралы» қаулысына сәйкес аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері 2014 жылдың 1 тамызына дейін барлық объектілердегі ауыз судың сапасына өндірістік бақылауды жүргізуді қамтамасыз етсін делінген. Осы орайда, облыстағы 338 су құбырының 272-іне бақылау жүргізіледі, ал қалған 80-іне ауыз суды дайындау, тазалау және су құбырына беру технологиялық да-йындау процесі барысында ауыз судың қауіпсіздігіне өндірістік зертханалық бақылау жүргізілмейді.
Облыс аудандарында шөптерді дәрілеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде орталық мамандары елді мекеннің селитеб аймағының шекарасында бақылаудағы жерлердің атмосфералық ауадағы пестицидтердің қалдығы құрамы сынамаларына іріктеу мен зерттеулер жүргізеді. 2014 жылы жүргізілген зерттеулер облыстың бірнеше аудандарында әртүрлі пестицидтер шектік-жіберілетін нормасынан көп екендігін көрсетті. Зерттеу хаттамалары шара қолдану үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларына жіберілді. Сондай-ақ, орталықтың мамандары Калачи ауылында «ұйқы ауруының» тіркелуіне байланысты жағдайды тексеруге жұмыс тобы құрылып, гамма-фонға, тұрғын үй жайларында инерциялы газдардың шоғырлануына мониторинг жүргізді.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мамандары соңғы үш жыл бойы қалалар мен ірі ауылдық елді мекендерде атмосфераның ластануына мониторинг жүргізіп келеді. Ауа ластауының басты көзі – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автомобиль көліктерінен бөлінетін газ. Ағымдағы жылдың бес айында өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда тұншықтырғыш газ, бензин, мұнайдың  көмірсутектерінің саны 7 есе артқан.
Сонымен бірге, орталық мамандары Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес облыс аумағына басқа жақтардан жеткізілетін көкөністер мен жеміс-жидек өнімдерінің құрамына зертханалық зерттеулер жүргізіп отырады. Бұл орайда, орталық зертханаларына тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне зерттеу жүргізу үшін 85 сынама жеткізіліп, оның 56 пайызы Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келмеді.
2014 жылы «Тұтынушы күні», «Әр үйге қауіпсіз тағамдар» тақырыптарында жарнамалық бүктемелер мен кітапшаларын тарату, сондай-ақ, тұтынушыларды акцияға белсенді қатысуға шақыратын роликтерді пайдалану арқылы 114 акция, ал биылғы жылдың төрт айында 19 акция өткізілді. Акция күні жеткізілген тамақ сынамаларында, атап айтар болсақ,  банан, мандарин, қызанақ, анар сияқты өнімдері тиісті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін нитраттар құрамы анықталды.
Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының аса қауіпті жұқпалар зертханасы жыл са-йын 22 мыңнан астам зерттеу шараларын жүргізеді, зерттеулердің 3,3 пайызы оң нәтиже берген. 2014 жылы 10 мыңнан астам зерттеу жұмыстары сарыпты анықтауға бағытталды, оның 6,4 пайызынан аталмыш ауру жұқпалары табылды, ашық су қоймаларының 5273 нысанын зерттей келе, оның 32-інен тырысқақ вибриондары анықталды.
Орталықтың бактериологиялық зертханасы сыртқы ортадағы нысандарға  35 мыңнан астам зерттеу жүргізсе, вирусологиялық зертхана полиомиелит, энтеровирустық ротавирустық жұқпаларына, қызамық, қызылша, гепатит, тұмау вирустарын анықтау үшін заманауи иммундық-ферменттік талдау және полимеразды тізбекті реакция-генно-молекулярлы зерттеу әдістерін қолдану арқылы 34 мыңнан астам зерттеулер жүргізді. Зертханалардың мамандарымен сыртқы ортадағы ауыз судың, ашық су қоймаларында, ағынды судағы вирустық жұқпалар қоздырғышының айналымын анықтау үшін үлкен жұмыс атқарылды. Барлық зертханалық зерттеу жұмыстарының хаттамалары Ақмола облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шара қолдану үшін жолданды.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға, барлық деңгейдегі жұмыстарының нәтижесін арттыруға, марапаттау жүйесіне, кадрлар құрамын оқыту мен дамытуға бағытталған жұмыстар үнемі жүргізіледі.
Жыл сайын басымды бағыттарға сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының жоғары оқу орындарында және Көкшетау медициналық колледжінің базасында шамамен мамандардың 45 пайызы біліктіліктерін арттырады. Дәрігерлердің 67,7 пайызы мен орта медициналық қызметкерлердің 71 пайызы біліктілік санаттарына ие. Тоғыз маманға сіңірген еңбектері үшін  «Денсаулық сақтау саласының үздігі» құрметті атағы берілді, екі қызметкер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 – жыл» медалімен, екі қызметкер «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен, он маман Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің грамотасымен және он бесі Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ, он қызметкерге Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы тапсырылды.  

Болат ЕСМАҒАМБЕТОВ,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар