Құрметті мемлекеттік қызметшілер, ардақты жерлестер!

 Сіздерді мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттің гүлденуі, өсіп-өркендеуі ең алдымен билік тетігінде жүрген қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты болмақ. Сондықтан да, Елбасымыз мемлекеттік қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін келелі міндеттер жүктеп отыр. Жыл өткен сайын жаңа реформалардың айрығында мемлекеттік аппараттың жұмысы да толымды табыстармен көрініп, оған қойылып отырған жауапкершілік жүгі де арта түскенін көреміз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламасында елімізде бес институттық реформаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өткен еді. Мемлекеттік кәсіби аппарат қалыптастыру үшін нақтылы міндеттер жүктеліп, осы арқылы елдің экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, әлемдік өркениеттегі биіктерді бағындыруға бағыт ұстайтын  боламыз.  
Бүгінгі таңда Ақмола облысының 707 мемлекеттік органдарында алты мыңнан астам мемлекеттік қызметшілер мінсіз еңбек етіп жүр. Олардың ішінде үш мыңнан астамы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейді. Біздің өңіріміздің табысты дамуы өз істеріне адал, азаматтық белсенді позиция ұстанған және кәсіби тұрғыдан да биіктерге ұмтылған мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, оларға қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен жауапкершіліктер жүктеледі.
Құрметті достар! Сіздер мен біздердің өз кәсіби мерекеміз – Мемлекеттік қызметші күні жыл сайын айшықты түрде аталып өтіледі. Себебі, біз көштің алдыңғы легіндеміз, артымызда қарап отырған халық бар. Олай болса қарапайым адамдардың мүддесі жолында қызмет етуден мерейлі ештеңе жоқ. Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық және кәсіби тұрғыда өсіп-өркендеуді тілеймін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі мемлекеттік қызметшілер!

 

Жыл сайын атап өтілетін кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында Сіздерге ізгі тілектерімді жеткізгім келеді. Тәуелсіз Қазақстанның дамып, өркендеуі жолында аса білікті, өз кәсібіне адал мемлекеттік қызметшілердің атқаратын рөлі орасан зор. Еліміз қашанда Сіздердің еңбектеріңізбен мақтанады.
Жақында ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам: баршаға арналған қазiргi заманғы мемлекет» атты реформалық бағдарламасын жария еткен болатын. Бұл құжатта ең бірінші болып кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі тұр. Қарапайым тұрғындар мемлекеттік қызметшінің бойынан әркез жоғары біліктілік пен жауапкершілікті,  адамгершілік, отансүйгіштік  қасиеттерді көргісі келетінін ұмытпауымыз керек.
Мереке күні отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық және де осынау жауапты қызметтеріңізде тек табыс тілеймін. Әр мерекеге толайым жетістіктермен жетуге жазсын!
Нина ДЬЯЧЕК,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар