Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері, қымбатты ардагерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің құқық қорғау органдарының тарихы ержүректілік пен батырлық көріністерге толы. Қызметтеріңіз қанша қауіпті екеніне қарамастан, жұмыстарыңызды қашанда сапалы орындап, Отан алдындағы өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып келесіздер.
Мінсіз, әрі адал еңбектеріңіз үшін барша ақмолалықтардың атынан Сіздерге зор алғысымды білдіріп, отбастарыңызға амандық, табыс пен бақыт тілегім келеді. Алдағы уақытта да Сіздердің заңымыздың қорғаны, тәртіптің берік сақшысы болып қала беретіндеріңізге сенімдімін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті ақмолалық полицейлер!

Депутаттық корпус атынан Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, әркез еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер демекпін. Сіздердің қоғамдық тәртіптің сақталуы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында істеп жатқан жұмыстарыңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Десек те, сол үшін құқық қорғау қызметкерлеріне шын көңілден алғыс білдіру, әсіресе осы салада көп жылдар бойы қызмет атқарған ардагерлердің еңбектерін елеу –  біздің қасиетті парызымыз болып табылады. Оларға да ақтарылған ақ көңілмен жылы лебіздерімізді білдіргіміз келеді.
Сіздер салып кеткен сара жолды бүгінде жастар жалғап, елімізге адал қызмет етіп келеді. Әрі қарай да осылай жалғаса беретініне сенім мол. Әділдіктің жаршысы, тәртіптің сақшысы сіздерсіздер, құрметті офицерлер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Нина ДЬЯЧЕК,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар