Бой көтеріп қалды

Кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болған облыс әкімі Сергей Кулагин мұндағы көк-темгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан жаңа үйлер  құрылысы-ның мерзімінде, сапалы жүргізілуіне қатысты мәселелерді пысық-тап, тиісті міндеттерді белгіледі.

Ақмол ауылында бой көтеріп жатқан 45 пәтерлік  тұрғын үйдің  құрылыс жұмысы барынша қарқын алған. Мұнда елуге тарта адам жұмыс істейді.  Бүгінгі күні бес қабатты үйдің төртінші қабатының қабырғасы қаланып, бөлмеаралық қабырғалар орнатылуда. Құрылыс учаскесінің басшысы Темірхан Байгуллиннің айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. Шілде  айында сыртқы  жұмыстар аяқталған соң, үйдің  ішін жөндеу шаралары жүргізілмек. Ал, қыркүйек айында  тұрғындар жаңа пәтердің кілтіне ие болады. Сондай-ақ, Қосшы ауылында да 45 пәтерлік үйдің құрылыс жұмыстары  қыза түскен. Облыс басшысы атқарылған жұмыстарды саралай келе, тұрғын үйдің уақытында беріліп, толық жылумен қамтамасыз етілуін қатаң қадағалайтынын ескертті.
Бұдан соң Сергей Кулагин Оразақ ауылындағы апатты жағдайдағы №27 орта  мектепті аралап көрді. Әлеуметтік нысанның  жылу қазандығының орналасу аумағы мен электр желісінің жүргізілу жос-парына назар аударды. Кейін ауылда тұрғызылып жатқан баспаналардың аяқалысын бағамдады. Бұл шағын ауданда 100 екі пәтерлі үйлер салынып жатыр. Әр тұрғын үйге ауыз су, электр желісі тартылып, кәріз жүйесі орнатылады. Оған қосымша қора-қопсы да жаңадан тұрғызылмақ. Үйлер табиғи апаттан зардап шеккендерге тегін беріледі. Айта кетерлігі, үйдің қабырғаларын салуда қазіргі заманғы сип материалдары қолданылуда. Бұл  тығыздығы төмен пенополистиролдан жасалынған бірнеше қабатты материал. Мұндай материалды қолданудың артықшылықтары мол. Ең бастысы мықтылығын мейлінше қамтамасыз етіп, экологиялық таза үй салуға мүмкіндік береді. «Іскер ТЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Данияр Тұңғышбаев  өз сөзінде  бүгінде алты  үйдің іргетасы дайын екенін сөз етті. Құрылыс орнында жүзден астам адам жұмыс істесе де, іргетасты қалау жұмысы жоспардан қалып келеді. Өз кезегінде облыс әкімі Сергей Кулагин қосымша жұмыс күшін тартып, күн демей, түн демей  маусымның соңында бұл жұмысты аяқтау қажеттігін шегелеп тапсырды.
– Тамыздың соңына дейін жүз үйдің құрылысын толық аяқтау қажет. Белгіленген межені  орындау-да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үйлер үлестіріліп, жағдайларының жақсаруы үшін қол ұшын беру біздің басты міндетіміз. Егер де  барлық жоспар дер кезінде орындалса, мен де өз кезегімде көмегімді аямаспын, – деді облыс әкімі мердігерлік ұжымға.

 

Ырысгүл АШУОВА

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар