Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұйым жұмысы ықпалды - АРҚА АЖАРЫ

Ұйым жұмысы ықпалды

Жақында «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, осындағы партияның бастауыш ұйымының жұмысымен танысты.

Сөйтіп, әр өңірден келген партия жетекшілері  аталған мекемеде қоғамдық-саяси жұмыстың қалай қолға алынғанына қанықты.
Халыққа қызмет көрсету орталығының «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының хатшысы Айгүл Төлепова өзіне артылған сенімді жауапкершілікпен атқарып келе жатқанын айтты. Жыл өткен сайын бастауыш ұйым жаңа мүшелермен толығып отырғанына да жұрттың назарын аударды. Қазір мұнда барлығы 67 партия мүшесі бар. Ұжым мүшелері өздерінің белсенді өмірлік ұстанымдарымен көрініп,  әртүрлі қоғамдық шараларға  да  қатысады.
Әсіресе, партияның әртүрлі жобаларына қатысу жайы да келген меймандарды бей-жай қалдырмады. Атап айтсақ, биылғы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында ардагерлерге қамқорлық жасауға ерекше көңіл бөлінді.
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша  жас мамандар алдымен тәжірибеден өтіп, сосын өзін-өзі көрсетсе, жұмысқа қабылданады. №1 бөлім инспекторы Еркін Ғаббасов осы жоба аясында қабылданған мамандардың бірі. Қазір ол өзін жақсы қырынан танытып үлгерді.
Ал, аталған орталық директоры Салтанат Кенжетаева  халыққа қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Мұнда тәулігіне бір мыңнан аса құжаттар қабылданып, тиісінше клиенттерге ұсынылады екен. Осының бәрі «Электронды үкімет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Кез-келген адам өз үйінде отырып, ғаламтор арқылы өзін қызықтырған ақпараттар мен құжаттарды ала алады.
Партия өкілдері «бір терезе» қызметінің жұмыс ырғағымен де танысуға мүмкіндік алды. Осылай партияның бастауыш ұйымында болған нұротандық партия жетекшілері  өздерінің көп нәрсені ойларына түйгендерін жеткізді. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар