Қонысымыз бір іргелеспіз, ортақ істе мүдделеспіз

 Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды қастерлі мерекеміз – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күннің тарихи-мәдени маңызы өте зор. Өйткені, Астана еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа тарихындағы даму, өркендеу символына айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайталанбас бірегей жобасының арқасында бас шаһарымыз өзінің әсемдігімен қазақстандықтарды ғана емес, әлем жұртшылығын таңқалдыруда.
Біз әркез тамсана қарайтын, мақтанышпен айтатын астанамыздың бой көтергеніне биыл 17 жыл толып отыр. Осынау аз уақыт ішінде Еуразия жүрегінде орналасқан бас қаламызда  экономикалық және саяси  маңызы бар мыңдаған халықаралық кездесулер  өтті. Осыдан-ақ, күллі әлем Астананы интеграция идеяларын іске асырып, түрлі мәдениеттерді жақындастырушы дәнекер деп түсінетінін көруге болады.
Ал, сіздер мен біздер үшін Астана, ең алдымен, тұрақтылық пен гүлдену белгісі, Отанға деген зор мақтаныш сезімі іспетті. Әсіресе, өскелең ұрпақтың арман-тілектері, болашақ жоспарлары арайлы қаламен байланысты. Осы мақсаттардың орындалып, мемлекетіміздің қуаты, халықтың әл-ауқаты артуы үшін барлығымыз тынбай еңбек етуіміз қажет. Туған елге деген махаббатымызды өнегелі істеріміз бен қол жеткізген биік жетістіктеріміз арқылы көрсеткен жөн.
Қадірлі жерлестер! Астана күні әр шаңыраққа нұрлы сәулесін шашып, естен кетпес қуанышты сәттер сыйласын! Барлықтарыңызға мемлекеттік мерекеміз құтты болып, береке-бірлігіміз, ырысымыз арта берсін дегім келеді.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрамның біз үшін қоғамдық-саяси маңызы айрықша,  сол себепті де әр қазақстандық үшін жалпыхалықтық мереке саналады. Бүгінгі таңда Астана егемен еліміздегі табыс пен гүлденудің символына,  Батыс пен Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің ғажап үйлесімділігінің,  тараптар мәдениетінің тоғысар мекеніне айналды. Қазақстанның жаңа астанасының негізін қалаған идеяның бастамашысы ретінде  ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Астана образына аса ауқымды саяси әрі рухани толғамдарды сыйғыза білді. Оған елімізде маңызды
саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша өтетін жаһандық деңгейдегі кездесулер дәлел бола алады. Шын мәнінде республикамыздың астанасын  нөмір бірінші қазақстандық инновация деп те атауға болады. Оның Арқа төріне көшірілуі еліміздің дамуына зор қарқын беріп, өңірлер экономикасының жедел өркендеуіне жол ашты. Мен Астананың әлі талай тың жобаны жүзеге асыруда өзгелерге үлгі  боларына нық сенімдімін. Сол бастамалардың сәтті іске асуына облысымыздың әр тұрғыны үлес қосуға тиіс.
Барлығыңызға да шын жүректен бейбітшілік, береке мен жақсылық және біздің ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан мен оның Астанасының игілігі жолында асқаралы асуларды бағындыруды тілеймін.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар