«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясына партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен бірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының жергілікті жерде орындалу барысын талқылады.
Сондай-ақ, конференция барысында аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов «Нұр Отанның» Сандықтау аудандық филиалының төрағасы болып сайланып, партия филиалының саяси кеңесінің құрамына да өзгерістер енгізілді. Бұл күні партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов аудандағы бастауыш партия ұйымдарында да болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. «100 қадам» бағдарламасында атап көрсетілген міндеттерді іске асыруда партияның рөлі орасан зор екенін айта келе, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.