Осыдан он екі жыл бұрын аудан орталығындағы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының жанынан «Нұр Отан» партиясының филиалы құрылған болатын. Қазіргі таңда мыңнан астам мүшесі бар бұл партия ұйымы елдік істерге белсене араласып келеді.
Нақтырақ айтсақ, аталған кәсіпорын өз қызметкерлері мен ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдау мәселелеріне баса назар аударуда. Партия филиалына Социалистік Еңбек Ері Иван Шарф жетекшілік еткен жылдары қолға алынған бұл игі іс әлі де өз жалғасын тауып келеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне, жергілікті жердің санитарлық жағдайын түзетуге, Ақмол ауы-
лын абаттандыру жұмыстарына көп көмегі тиді. Партияның «Феникс» филиалының қолдауымен кәсіпорын қызметкерлері ауылда өткізілетін мәдени-бұқаралық шараларға да белсене араласады. Аталған акционерлік қоғамның жетекшісі, партия филиалының төрағасы Максим Божко мен партия белсенділерінің ауылды көркейтуге қатысты алдарына қойған мақсаттары зор. Біз де олардың орындалатынына зор сенім білдіреміз.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы.
Целиноград ауданы