Мемориалдық тақта қойылды

 Көкшетау медициналық колледжінің әкімшілігі қалалық әкімдік пен ардагерлер кеңесінің қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Смирнова-Кухарскаяға мемориалдық тақта орнатты.

  Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері және медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова мемориалдық тақтаның жастарға берер септігі көп екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, игі істі ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Бір минуттық үнсіздіктен кейін ардагердің қызы Екатерина Сапрыкина игі іске атсалысқандарға алғысын білдірді. Одан әрі көптеген жылы сөздер айтылып, Мария Смирноваға арнайы шығарылған ән шырқалды. Сонымен, бұл митингі мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қоюмен өз мәресіне жетті.
Рамазан Төлеубай.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар