Әр теңге мақсатты жұмсалуы керек

Облыстық және қалалық мәслихаттардың «Нұр Отан» партиясы депутаттар фракциясы жанындағы еліміздің ұлттық қорынан бөлінетін қаржыны қадағалау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, пікір білдірді.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен комиссия отырысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде мәселе қаралды. Әсіресе, Көкшетау қаласында екі жылдан бері салынып жатқан 280 орындық балабақшаның құрылысы депутаттардың талқысына түсті. Ғимаратты салып жатқан бас мердігер компания «Мәрмәр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Серік Ешмағамбетов балабақша құрылысы тоқтап қалмай, уақытында пайдалануға берілуі үшін қаржыландыру мерзімін өзгертіп, ұлттық қордан жуық арада 300 миллион теңге бөлінуі қажет екенін айтты.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов баяндамашыларды тыңдай келе, ұлттық қордан бөлінетін қаражатты тек тиісті мақсатта жұмсауды қатаң ескертіп, аталған серіктестік қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда  қаржы мәселесінің шешілуі мүмкін екендігін жеткізді.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар