Ораза айт – ізгілік мерекесі

 Ертең мұсылман қауымы үшін үш күндік айт мейрамы басталады

 Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл айда барша әлем мұсылмандары жүректерін  жайсыз сезімдер мен жаман ойлардан тазартады.
Тек мұсылмандарды ғана емес, сондай-ақ, барлық қазақстандықтарды біріктіретін Ораза айт исламның аса маңызды рухани құндылықтарын паш етеді. Адамдардың бір-біріне деген сенімдерін нығайтып, игі іс жасауға құлшындырады. Жақындарыңа көмек қолын созуға және мұқтаж жандарға жанашырлық танытуға үндейді.
Елімізде аталып өтілетін діни мейрамдардың барлық қоғам үшін мәні ерекше. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  осы салада жүргізген сарабдал саясатының арқасында Қазақстан тұрақты дамушы және алға қарай нық қадам басқан мемлекетке айналды.
Республика халқын қашанда үлкенді сыйлап, өз жерін шексіз сүю, парасаттылық пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттер өзгелерден даралап тұрады. Қазақстандықтар қоғамдағы рухани әралуандылықты сақтай отырып, өздерінің атадан қалған мол мұрасы мен діни дәстүрлерін мақтан тұтады.
Құрметті жерлестер!
Осы бір қасиетті күні барша ақмолалықтарға  рухани күш, денсаулық пен бақыт тілегім келеді. Ораза айт сияқты жарқын мереке  шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс пен береке ала келгей.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бір ай бойы Алланың разылығы үшін ауыз бекітіп,  айт күнін де асыға күткен мұсылман қауымның тілектері қабыл болсын дегім келеді. Бұл, шын мәнісінде қамқорлық пен қайырымдылық істерге  толы өте ізгі мереке.
Кез-келген мемлекеттің басты жетістігі – халықтың рухани мұрасы, олардың салт-дәстүрлері мен мерекелері саналады. Біздің көпұлтты еліміз үшін Ораза айты – игілік пен қайырымдылық, дархандық пен бірігудің белгісі іспетті.
Облысымыздың тұрғындары да діни салт-дәстүрлерге аса құрметпен қарайды, әрі бізде дінге сенушілердің рухани-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Осындай қастерлі мерекелеріміз конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты, қоғамдағы бірлікті одан әрі нығайта түсетініне, өмірдің отбасылық тұрақтылығына оң әсер ететініне сенімдімін.
Сіздерді Рамазан айының аяқталуымен және айт  мерекесімен құттықтай отыра, қазақстандық әр отбасының бақытты өмір сүруіне тілектестігімді жеткізгім келеді.  
Нина Дьячек,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Ораза айты құтты болсын, жамағат!
Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушы – Аллаһ Тағалаға тән. Оның адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік бақытқа жеткізуге айқара жол салған – Ислам діні мұсылман қауым үшін илләһи дін болып табылады. Сондықтан, оның тағылымын сезінген мұсылмандар үшін екі үлкен мереке бар. Соның бірі – Ораза айты.  
Отыз  күн ораза ұстап, Жаратушы Иеге құлшылық жасаған қауым Ораза айтын да ыстық ықыласпен қарсы алады. Өйткені, бұл айда жан сарайымызды нұрға бөлеп, санамызға имандылықтың ыстық сәулесі құйылып, Алла Тағаланың мейір шапағаты төгіледі. Әркім мұсылмандық парызын өтеп, күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық жасап, Алла Тағаладан тілек тілейді. Осындай қуаныштың самалы есетін бір сәт – Ораза айты мерекесі дер едік.
  Мен барша мұсылман қауымды осы ұлық мерекемен құттықтап, оларға және отбастарына Алла Тағаланың нұры дарып, мейірі төгілсін деп тілеймін. Қасиетті Құран аяттары түскен бұл айда әр тілеген тілегіміз қабыл болып, еліміздің бейбіт аспаны күннің  шырайлы сәулесімен жарқырап, барша халықтарымыз бірлік пен ынтымақта өмір сүре беруге нәсіп етсін.
Ораза айттарыңыз құтты болып, мерекеміз мерекеге ұлассын!     
Қанат ҚЫДЫРМИН,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Ақмола облысындағы өкіл имамы, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар