Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Науқанды аяқтап шығуға бел буған - АРҚА АЖАРЫ

Науқанды аяқтап шығуға бел буған

Ауданның барлық шаруашылықтары жаздың әрбір күнін тиімді пайдаланып, шөп науқанының қарқынын  еселей арттыруда.

Біз болған күні жауапкершілігі шектеулі «Қадам» серіктестігінің  шөпшілері жұмысқа қызу кіріскен екен. Беларуссиядан әкелінген шөп буатын техниканың жұмысы көрген көзді қызықтырмай қоймайды. Жалпақ далада түйе өркештеніп жайылып жатқан бума-бума шөпті көрудің өзі  бір ғанибет екен.
Аптап күннің ыстығына қарамастан шөп әзірлеуші бригаданың механизаторлары тоқтаусыз жұмыс істеп жатты: бірі шабады, екіншісі – тырмалайды, ал, үшіншісі бумалап, қатар-қатар тізбектеп әрі қарай жүре береді. Осы ретте, ынтымағы жарасқан шаруашылықтың маңдайалды механизаторлары Марат Сайдалин, Айдархан Сахиев, Виталий Вагнер мен Ержан Оразбаевтардың  еңбегін ауыз толтырып айтуға болады. Жаңа техникамен жарақтанған бригаданың ілкімді ісі әзірленген шөптің көлемінен, сапасынан көрініп-ақ тұр. Айта кетерлігі, бір буманың салмағы 250 келіге жуық.
Шілде айының орта тұсына қарай «Қадам» серіктестігінің шөпшілері шөптің 400 тоннасын маяласа, 900 тоннаға жуығын дес-теге түсірген. Биылғы межелері – 2000 тонна мал азығын әзірлеу. Шаруашылық басшылары қысқа мал азығын әзірлеуді жан-жақты межелеп, жақсы жоспарлап отыр.  Шөпшілерге тәулігіне 4 мезгіл ыстық тамақ беріледі, әрі еңбекақылары да жоғары.
Ал, жалпы аудан биылғы қысқа 125 мың тонна мал азығын әзірлеуді алдын ала жоспарлаған. Бұл меженің ауа райы сәтін түсірсе, толықтай орындалатыны анық.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар