Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысы жанданады - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысы жанданады

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының кезекті отырысы болып өтті.

Отырыс барысында алдымен, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин сөз алып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының облыста іске асырылу барысын баян етті. Оның айтуынша, аймақта 120 мыңға тарта адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады.  Бұл шамамен экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 27 пайызы. Жоғарыда аталған бағдарлама жергілікті жерлердегі жұмыссыздықты жоюға бағытталғанмен, қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болуда қолбайлау болып отырған жайттар аз емес.
Өңірлерде екінші деңгейлі банк филиалдарының жоғы,  кепілдікке қойылатын ауылды жерлердегі мүлік құнының сол банктер тарапынан төмен бағалануы, жоба жайлы тұрғындардың дұрыс ақпараттандырылмауы – мәселелердің ең өзектісі. Бағдарлама іске асырыла бастаған 2010 жылдан 320 ілкімді жобаның қолдауға ие болғандығын айтқан басқарма басшысына облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов құр санға емес, оның қаншасының нақты жұмыс істеп тұрғандығына назар аудару қажеттігін еске салды. Ол жүйелі түрде сарапталып отырса, тіпті жақсы.
Осы орайда, бағдарламаның төртінші бағытының да ойдағыдай орындалмай отырғандығын атап өткен абзал. Аталған жобаны қаржылай қолдауды іске асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік  филиалының директоры Еркебұлан Баяхметовтың айтуынша,  ендігі жерде осы бағдарлама аясында  несие алып, өз кәсібін ашқысы келетіндер саны көбейеді. Себебі, басты ережелердегі шектеулер алынып тасталып отыр. Яғни, енді дүкен тағы басқа да жеке субъектілерді ашуға қосымша қаржы алуға болады. Осындай жеңілдіктерге қарамастан,  Қорғалжын сияқты бірқатар  аудандар бұл  мемлекеттік бағдарламаға  қызығушылық  танытпай  отыр.
Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қымбат Жүсіпова хабарлама жасады. Ол  аймақтардағы филиалдарда 21 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар екенін, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде екі мыңға тарта адам өтінішін білдіргенін айтты.
Кеңес отырысында Сандықтау ауданының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты  №32 cайлау округінің депутаттығынан босатылған Асылбек Исмағамбетовтың орнына  кандидат ретінде партияның атынан облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдинді ұсыну жөнінде шешім қабылданды. Саяси кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы болуына байланысты ісі тәртіптік кеңесте қаралған, артынша қызметінен босатылған бұрынғы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Михаил Косачевты партия қатарынан шеттетті. Отырыс-та қаралған барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.

 

Перизат ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар