Өңір үшін серпінді жоба

 Ауданда  ең ірі  күйіктас шығаратын зауыт құрылысын бастау үшін инвесторлар Қытайдан  тең құрылтайшыларды  іздестіруде.

  Бұл жоба кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Уәлихан Ғабдуллин мен жауапкершілігі шектеулі  «Агро-V» серіктестігінің өкілі Мерекебек Баратовтың арасында жүргізілген келіссөз нәтижесінде мүмкін болды. Аудандағы он саз балшық кен орны зерттеліп, үшеуі таңдалып алынды. Қытай инвесторлары келген соң нақты орындар белгіленетін болады деп күтілуде.
Қазіргі таңда жобаны  үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасына қосу көзделіп отыр.  Жалпы алғанда жобаның құны 2 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. Бұл бастама жүзеге асқанда екі жүзден астам адам жұмыспен қамтылып, тегін оқытылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар