Мобильділік әркез қажет

Мемлекеттік қызмет көрсету шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді болып келеді. Осы орайда, мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының пайдасы ұшан-теңіз. 

  Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында Егіндікөл ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілген қызметтер саны 242-ні құрап отыр. Ал, берілген электронды анықтамалардың саны 150-ден асады.  Солардың ішінде, азаматтардың тұрғылықты мекен-жайын көрсететін анықтамаларға сұраныс көп.
Жергілікті әкімдіктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірлесе жұмыс істеуі тұрғындарға құжаттарға байланысты көптеген қажеттіліктерін өтеуге зор мүмкіндіктер беріп отыр. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасатынына сенімдіміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  
Егіндікөл ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар