Жаман әдеттен жирендірді

 Аудан орталығында жемқорлыққа қарсы «Адал жол» облыстық марафонының аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

  Алдымен, «Дән» бала бақшасында балғындардың қатысуымен  сыбайлас жемқорлық жөнінде әңгіме өрбітіліп, ойын, ертегі түрінде қызықты ақпараттар берілді. Аудандық дене шынықтыру және спорт, мәдениет бөлімдерінің мұрындық болуымен өткен веложарыс, басқа да  игі шараларға жастар қауымы белсене араласты.
Облыстық марафонның салтанатты жабылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Тәженов азаматтар өз қызметіне адал болып, кез-келген істі бірігіп шешкенде ғана жемқорлықтың алдын алуға болатынын айтты. Қатысушылар «Жемқорлық» тақырыбына арналған кітап және фотосурет көрмесін  де зор ықыласпен тамашалап, осылайша, аталмыш марафонды өткізу кезегі Есіл ауданына тапсырылды.  
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар