Алда шешуші кезең

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып,  көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналып салынып жатқан Ақмол,  Қосшы және Оразақ ауылдарындағы тұрғын үйлер құрылысын қысқа қалдырмай, жылдам аяқтау мәселелерін қарастырды.

Көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері бұзылып, жарамсыз болып қалған тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Қара күздің қабағы қатуланып келеді. Арқаның аязды қысы да алыс емес. Табиғат апатынан көктемде әсіресе, Оразақ ауылының тұрғындары көп зиян шеккені белгілі.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының уақытында түспеуі салдарынан құрылыс жұмыстары сәл кештеу басталды. Әйтсе де, облыстық әкімдіктің тегеурінді іс-қимылы және дер кезінде қамқорлық қолын созған жеке азаматтар мен бірқатар кәсіпорындардың жанашырлығының арқасында құрылыс жұмыстары жоспарлы жүзеге асырылуда. Таяуда Оразақ ауылында жиырма тұрғын үй пайдалануға берілді. Дәл осындай тұрғын үйлер Ақмол және Қосшы елді мекендерінде де бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап айтуға болады. Әсіресе, төтенше жағдайлар желісі бойынша Қосшы ауылында
45 пәтерлік тұрғын үйді салып жатқан «Асгард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ісі ширақ.
–Құрылыс жұмыстарын шілде айының ортасы ауа бастадық. Қазіргі кезде ғимараттың қабырғалары көтеріліп, терезелері орнатылды. Инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, ішкі әрлеу жұмыстарын бітіріп, шатырын жабу үстіндеміз. Қазір барлық жұмыс ауқымының 80 пайызы жүзеге асырылды. Қараша айының басында үйді пайдалануға беретін боламыз,–дейді серіктестік директоры Еркін Аяпов.
Дәл осындай тұрғын үйлер Ақмол ауылында да тұрғызылып жатыр. Оразақ ауылында пайдалануға берілген жиырма тұрғын үйге тағы 26 үй қосылды. Таяу күндері қалған отбасылар да баспаналы болады.
Жоғарыда аталған елді мекендерде болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі Сергей Кулагин мердігерлерге уақыттың тым аз қалғанын ескерте келе, жұмысты ширатуды тапсырды.
– Күн суытып келеді. Тұрғындар да қол қусырып қарап отырмай, қолғабыс жасаса, жөн болар еді. Қосымша жұмыс күші ретінде
50 курсантты да тартып отырмыз. Қарашаның 15-іне дейін тұрғын үйлер құрылысы толық аяқталуы керек, – деп қорытты өз сөзін бұл орайда, облыс әкімі.
Көктемгі су тасқыны кезінде осы ауылда тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері, марқұм Әбдуәли Тоқпаевтың да үйін су ша-йып кеткен болатын. Бүгінгі күні әке шаңырағында отырған ардагердің ұлы да пәтерлі болып, көшенің өзіне осы майдангердің есімі берілді. Қазір балалары әкесінің атындағы көшеге өз күштерімен қиыршық тас төгіп, асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Таяуда ғана пәтерлі болған Өзбек Жүзбаев болса, үйінің жанына тәп-тәуір қора салып алыпты.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суреттерде: жаңа қоныс қуанышы; пайдалануға берілген тұрғын үйлер.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар