Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мол өнім кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Мол өнім кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздің аграрлық саласын өркендету болып табылады.

Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға топырақ құнарлылығын арттыру, өндірістің озық технологиясын енгізу, жерді химияландыру, яғни, тыңайтқыштарды пайдалану, егістік жерлердің құрылымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады делінген. Елбасы ұсынып отырған осы стратегиялық бағдарламаға сәйкес Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасында ауыл шаруашылығы жер телімдерін қорғау және тиімді пайдалануда бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ауыл шаруашылығында жер ең негізгі өндіріс құралы, ауылдық территориялардың әлеуметтік-экономикалық және тұтастай мемлекеттің орны оның экологиялық жағдайына байланысты екендігі бізге мәлім.
Қазіргі уақытта өкінішке орай, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің экологиялық жағдайы қанағаттанғысыз. Егістік жерлерде жел және су эрозиясының көріністері кездеседі. Топырақта дегумификация процесі жалғасуда. Соңғы 60 жылдың ішінде топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші – қара топырақтарда қарашіріктің мөлшері 20-25 пайызға кемісе, қоңыр топырақтарда 30-35 пайызға дейін азайған. Кейбір алқаптарда дақылдардың өнімділігі жылдан-жылға азайып келеді. Бұл егіншіліктің негізгі заңы – қайтарым заңының сақталмауымен байланысты.
Қайтарым заңының мәні өніммен бірге алынған қоректік элементтердің мөлшері топыраққа органикалық, минералды және жасыл тыңайтқыштар түрінде қайтарылуы тиіс. Бүгінгі таңда республикамыздың агроқұрылымы  орташа есеппен егістік жерге гектарына 8-10 килограмм ғана әсер етуші затта минералды тыңайтқыштар енгізсе, Ресей Федерациясында 45 килограмм, ал АҚШ-та тіпті 145 килограмға дейін қолданады. Ғалымдардың есебі бойынша топырақ құнарлылығын сақтау, өнімділікті жоғарылату және өнім сапасын арттыру үшін Ақмола облысының егістік жерлеріне жыл сайын 160 мың тонна әсер етуші затта минералды тыңайтқыштарды енгізу қажет. Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштарды көрсетілген көлемде жеткізу мүмкін емес, себебі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  оларды ағымдағы бағамен сатып алуға дәрменсіз. Сондықтан да, жергілікті арзан тыңайтқыштар мен мелиоранттар – фосфогипс пен күл-күйінділердің баламалы түрлерін енгізу бұл мәселені шешу үшін бағытталған тәсілдердің бірі болып табылады. Осы тәсілдердің негізінде азық-түлік қауіпсіздігімен қатар, жергілікті қайта өңдеу қалдықтарының мәселелері шешіледі.
Бұл мәселені шешу үшін біз кәдімгі қара топырақта астықты парлы ауыспалы егісте өнеркәсіп қалдықтарын тиімді қолдану бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Біздің зерттеулерде фосфогипс пен күл-күйінділерді енгізгенде жаздық бидайдың өнімділігі центнеріне 2,7-2,8 тоннаға дейін көбейді.
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысы бойынша 019 бағдарламасының төңірегінде «Экологиялық орталық «Эко – Көкше» қоғамдық бірлестігі Зеренді ауданының «Ұмай-Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 262 гектар жер аумағында инновациялық тәжірибелерді тарату және енгізу қызметтері бойынша «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіріс қалдықтарымен тыңайту» атты жобаны жүзеге асыруда. Осы ауданның «Қараөзек» және  «Айдарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің алқаптарында аталған жобаны енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Егер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын алқаптардың құнарлылығын кемітпей, әр жыл сайын тыңайтып отырғанда ғана мол өнім алуға болады.
 Әбілжан ҚҰСАЙЫНОВ,
биология ғылымдарының докторы.
Айнұр ҚАЙЫРЛЫҚЫЗЫ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар