Шарапаты мол жоба

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында тұрғындарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың алғышарттары жайлы кеңес берілді.

Бұл күні партия филиалының қоғамдық қабылдауына аталған  бағдарламаға қатысты сұрақтарын арқалап келген азаматтардың қарасы көп болды. Солардың бірі аудандағы зағиптар қоғамының төрағасы  Ғабиден Нұрғалиев. Ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» жобасы аясында мемлекеттен 1,5 миллион теңге көлемінде несие алып, қазіргі күні өз ісін өркендетіп отыр. Шаруа қожалығында қара мал өсіріледі. Кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, кәсібін кеңейткісі келетінін айтып, елімізде мүгедектердің жұмыс істеп, нәпақа табуына мүмкіндік беретін осындай мемлекеттік бағдарламалардың барына зор ризашылығын жеткізді.
Жалпы, бүгінгі таңда ауданда 950-ден астам мүгедек жан тұрып жатса, олардың 318-і еңбекке жарамды. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жоба аясында еңбекпен қамтылуға құлықты екендіктерін байқатты.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар