Іскер әйелдерге алғыс

Көкшетаудағы Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаеваның қатысуымен осы қоғамдық ұйымның құрылғанына жиырма жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті.

Осыдан жиырма жыл бұрын құрылған бұл ұйымның құрамында қазіргі таңда он бес мыңнан астам қазақстандық іскер әйелдер бар. Еліміздің әр аймағында бірлестіктің филиалдары отбасылық қарым-қатынастарды сақтау, әйелдердің іскерлік қабілеттіліктерін арттыру, әлеуметтік әлеуетін жоғарылату бағытында жұмыс істейді. Осы істің басы-қасында жүріп, өздерінің ұйымдастырушылық қарым-қабілеттерімен республика деңгейінде көзге түскен ақмолалық нәзік жандылар да баршылық.
Солардың бірі – Ақмола облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшина мен Ақмола облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының төрайымы Елена Мащинская мерейтойлық кездесуде Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өңір дамуында қыз-келіншектердің қосып келе жатқан үлесіне кеңінен тоқталып өтсе, мерекелік датаға орай көрікті Көкше жеріне Астанадан арнайы келген «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева ақмолалық әріптестеріне отбасылық бақыт, зор денсаулық тіледі.
Сондай-ақ, шара барысында аталған қауымдастықтың  жұмысы жайлы бейнебаян көрсетіліп, қонақтардың назарына шағын концерттік бағдарлама қойылды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар