Мақсат жолы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Макинск қаласының тұрғыны Перизат Мырзахметова аудан орталығында «Балауса» дәмханасын ашты.

 

Перизат өз мақсатына жету жолын аудандық жұмыспен қамту орталығынан іздеді. Оған мұнда аталмыш бағдарлама жөнінде толық ақпарат берілді. Бұдан кейін болашақ кәсіпкер бизнестің негізін оқуға «Туран Профи» академиясындағы курсқа жіберілді. Сертификат алғаннан кейін бизнес жоспар құрып, несие алу үшін тиісті құжаттарды дайындай бастады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Перизат Мырзахметоваға 3 миллион теңгенің несиесі мақұлданды. Бүгінгі таңда 180 орындық дәмхана жұмыс істейді. 8 адам жұмысқа алынды. Ірі той мен дұға кезінде қосымша даяшылар тартылады. Перизат Мырзахметова (суретте оң жақтан бірінші) көпбалалы ана болса да, дәмхана мен үй шаруашылығы жұмысын қатар атқарып жүр. Оның кәсібін отбасылық деп атауға болады. Бірлігі жарасқан отбасы ортақ істі дамытуға бір кісідей жұмылуда.

Айгүл АМАНЖОЛОВА.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар