Аманатқа адалдық

Мен ол кезде баламын. 2005 жылдың сәуір айында атам Айтуған Мұқыштайұлы біздің әулетті түгел жинап алып, жаз шыға Атамекенге көшу керектігін, енді аялдаудың мәнісі жоқ екенін айтты. Араға 15 күн өткенде өзі дүние салды. Көзі тірі кезінде моласының қайда болатынын да белгілеп кеткен көрінеді. Ол – әкесінің қасынан мәңгілік орын тапты. 

 

Үлкен кісінің соңғы өсиетін орындап, жаз ортасы ауа біз Қазақстанға көштік. Үй-жай тауып, орналасып алған соң әжемізді алдырттық. Біздің шаңырақтың ұйтқысы – әжем туған топырағы, ата-анасының, өмірлік серігінің қабірі қалған Баян Өлгийдің Баян Нұр сұмынынан Атамекенге оралды. Бүгінгі күні бала-шағасының ортасында түтін түтетіп отыр.
Әр баласына, әр немересі мен шөбересіне алаңдап отыратын Дүрімхан Әубайқызы 14 құрсақ көтерген. Солардан 12 баласы жер үстінде.  Биыл 75 жасқа келіп, ұл-қыздарынан 61 немере, 3 шөбере сүйіп отырған анамызды, әжемізді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Өмірдің ыстық-суығы мен ауыртпалығынан сынбай өтіп, ұрпақтары үшін ғұмыр кешкен аяулы әжемізге Ата жұртта Алла ұзақ ғұмыр берсе екен!     
Кәсіп ЕЛЕУСІЗ.
Қырыққұдық ауылы,
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар