104 – бір ғасыр, төрт жыл

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев 8 Наурыз қарсаңында 104 жастағы кейуана Қатира Мусинаны үйіне барып, мерекесімен құттықтады.

 

Бір ғасырды артқа тастаған қария 1912 жылы Ерейментау ауданы  Өлеңті ауылында дүниеге келген. Өмірі оңай болған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдары жары майданға аттанып, өзі тылда еңбек етті.
– Сонау аласапыран 1931-33 жылдары қазақ даласын жайлаған ашаршылық заманды да бастан өткердім. Зұлмат соғыстың ауыртпалығы бізді айналып өтпеді. Қан майданға аттанған жолдасым қайтып оралмады. Тағдырдың жазуымен 7 баланы жалғыз өзім тәрбиелеп өсірдім, – дейді кейуана. Бүгінде ғасыр жасаған әже 7 баласынан 38 немере, 65 шөбере мен шөпшек сүйіп отыр. Қатира әже «Күміс алқа» иегері болса,  77 жасқа толған үлкен қызы  Мәруаш апай  11 баланы дүниеге әкеліп, «Батыр ана» атағын алған.  Қазіргі таңда қарт әже кіші ұлы Кенжебек  пен келіні Салтанаттың қолында тұрып жатыр. Мереке қарсаңында қала әкімі  қарт әжеге жылы лебізін білдіріп,  гүл шоқтары мен  сыйлығын тарту етті.
– Біз көбіне ардагерлерге мерейтойлары кезінде құрмет көрсетеміз.  Бұл жолы батыр әжеміз 8 Наурыз мерекесін 104 рет қарсы алғалы отыр. Сол себепті қарияның шаңырағына келіп, осы  мерекемен құттықтауымыз өте орынды болды, – деген әкім сөзінің жаны бар.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар