«Мәңгілік ел» мұраты жолында

85-қадам. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету. 

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» атты 4-інші бағытын іске асыру мақсатында 31 нормативтік-құқықтық актілер, атап айтқанда, 5 Заң, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, сондай-ақ, Қазақстан Рес-публикасы  Мемлекеттік хатшысымен бекітілген өкімдер әзірленді. Осы актілердің шеңберінде қабылданған тұжырымдамалар, мемлекеттік бағдарламалар, алуан түрлі іс-шаралар жоспары қолданысқа енгізіліп жатыр. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды басшылыққа ала отырып, тиісті басқармалар мен қалалық, аудандық әкімдіктер  13 іс-шаралар жоспарын іске асырып жатыр. Соның бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы мен 2015-2020 жылдарға арналған мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтығын дамыту жоспары. Жоғарыда келтіріп өткенімдей, мұның барлығында «Біртектілік және бірлік» атты 4-інші реформаның «Бірыңғай болашақтың ұрпағы» блогындағы 85-90 қадамдарда айтылған міндеттер негізге алынған.  
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу  тұжырымдамасын іске асыру үшін облыста іс-шаралардың желілік кестесі әзірленді. Бұл кестеге 13265 іс-шара кірді.  
 Жалпы, облыс аумағында 41 этномәдени бірлестік тіркелген. Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында осы ұйым мүшелерінің қатысуымен Ұлт жоспарының 4-институционалды реформасын, «Мәңгілік ел» идея-сын талқылау бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді, кәсіпорын ұжымдары, этно-мәдени бірлестіктердің жастар қанатының қатысуымен «Мәңгілік Ел – бірлік пен татулықтың бастауы»  атты диалогтық алаң ұйымдастырылды.  
«100 нақты қадамның» 86-қадамының аясында мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында біздің басқарма мемлекеттік атрибуттарды пайдалану жағынан Қазақстан Респуб-ликасы заңнамасының түсініктемелері бар әдістемелік материал шығарды, осы бағытта кең ауқымды іс-шаралар да өтті.
2014 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының Ұлттық стандартына өзгерістер енгізілгендіктен, біздің басқарма Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бо-йынша департаментімен бірлесе отырып, Елтаңбаны сатып алу және ауыстыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне арнайы оқыту семинарын ұйымдастырды.
Жұмыс жоспарына сәйкес, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Целиноград, Атбасар, Сандықтау аудандарының 19 мемлекеттік мекемесінде тексеріс жүргіздік. Қазіргі таңда мемлекеттік рәміздерді пайдалану және орналастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. 2014 жылғы Ұлттық стандарт  талаптарына сай келетін Елтаңбаны сатып алуға аудандық бюджеттерден қаржы қарастырылуда.  
Облыстық және өңірлік газеттерде «Патриоттық тәрбие», «Менің Отаным – Қазақстан», «Жоғары құндылықтар», «Біздің нышандар», «Білуге тиіссің» айдарлары ашылды. «Қазақстан-Көкшетау» облыстық телеарнасында Мемлекеттік Әнұран шырқалып тұрады.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөнінде айтылатын 88-қадам бойынша да біздің басқармамен айтарлықтай іс-шаралар қолға алынуда. Жұмысшы, басқа да мамандықтарды меңгеріп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды салтанатты мадақтау рәсімі өтті. Өткен жылы барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері кезінде ерекше еңбегімен көзге түскен бір топ ақмолалықтар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Студенттер үшін облысымыздың ірі кәсіпорындарына 300-ге жуық саяхат ұйымдастырылды. Есептік мерзім ішінде қоғамдық пікір көшбасшыларының, мемлекеттік саясаттың арқасында үлкен жетістіктерге жеткен кәсіпкерлердің қатысуымен Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы талқыланған диалогтық алаңдар өткізуді қолға алдық. Жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында облыс бойынша шамамен елуден астам билборд орналастырылды.  
Түрлі салаларда өз мамандықтары бо-йынша биік дәрежелерге жеткен адамдардың өмір жолдарын жастарға үлгі ету мақсатында «Жетістіктің 100 тарихы» жобасын әзірлеуді одан әрі жалғастыратын боламыз. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналастырылуы мен тұрғындар арасында отансүйгіштікті насихаттау қашанда біздің назарымызда болады.   
Елбасымыз айтқандай, шынымен де, бір-бірімізге жақын болу еліміздің кемел болашағының кепілі болмақ.  Ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі. Құт қонған жерге инвестиция да, туристер де келетіні айдан анық.

Айна МЫСЫРӘЛІМОВА,
облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар