Жұмысымыздың басты арқауы

87 қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру. Мұндағы басты мақсат – әрбір азаматқа және шетелдік туристке ел туралы көбірек білуге көмектесу. Порталға Қазақстан бойынша 3d бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

 

Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» IV реформасын жүзеге асыру аясында облыстық мәдениет басқармасы «Менің елім» азаматтық біртектілікті нығайтудың ұлттық жобасын дайындайтын ұйымдастыру комитетін құрды. Оның құрамына тарихшылар мен ғалымдар,  облыстың  11 музейінің ғылыми қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері кірді. Осы құжатты жүзеге асыру шеңберінде мәдениет саласының құрылымдары арасында оны талдау ұйымдастырылып, сондай-ақ, 85-87 қадамды жүзеге асыру бойынша 40 пункттен тұратын нақты ұсыныстар жоспары дайындалды. Инновациялық ағартушылық және тәрбиелік сипаттағы, атап айтқанда: ақпараттық-білім, музыкалық, театр саласындағы 23 жоба қолға алынды.
Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында мынадай міндеттер алға қойылды: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық-патриоттық идеясын жаңғырту арқылы тарихи-мәдени мұраларды сақтау, оқыту және насихаттау, халыққа тарату.  Бұл міндетті жүзеге асыру  қоғамды азаматтық-патриоттық және рухани-мәдени жағынан топтастыруға, қазақстандық біртектілік пен ұлттық бірлікті нығайтуға игі ықпалын тигізетін болады.
Облысымызда сырттан келген қонақтарға көрсететін тарихи-мәдени орындар мен туристер үшін  табиғаты көркем жерлер аз емес. Бұл бағытта музейлердің атқаратын рөлі зор. Осы орайда, музейлер Абылай хан, Бөгенбай батыр сияқты хандарымыз бен батырларымыз, Біржан сал, Ақан серідей сал-серілеріміз және Ілияс Есенберлин, Мәлік Ғабдуллин тәрізді  белгілі тұлғаларымыз туралы электрондық анықтамалар дайындауға арналған мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
«Тұлға» сериясымен облысымыздың белгілі тұлғаларына, жазушылар мен ақындарға, суретшілер мен сазгерлерге арналған 31 диск шығарылды. «Ұлы есімдер» электронды нұсқасына облысқа танымал қоғам қайраткерлері мен шығармашылықпен айналысқан тұлғалар енгізілді.
Ауыл тарихына, облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл энциклопедиясы» электрондық сериясын шығару жоспарлануда.  Қазақ Ұлттық кітапханасына өлке тарихы жайындағы 181 кітаптың көшірмесі тапсырылды.
Ішкі экотуризмді дамыту және шет елден келген туристерді еліміздің мәдениетімен, тарихымен таныстыру  мақсатында облысымыздың тарихи ескерткіштерін қамтитын арнайы маршруттар жасалды.
Биылғы жылдың сәуірінен бастап Ақмола облысының аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштер мен мұралардың электрондық базасын және картасын геоақпараттық ғарыш серігі жүйесін пайдалану технологиясы негізінде жасаудың бірінші кезеңі басталмақ.
Мәдениет саласы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру әрдайым назарда ұсталып, тұрақты мониторинг жүргізіліп тұратын болады.

Сәуле БӨРІБАЕВА,
облыстық мәдениет
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар