Алда – ақкөлдіктер

Аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде футболдан ашық облыстық турнир өткізілді.

2003 жылы және одан кейін туылған жасөспірімдер мен балалар арасында өткізілген бұл спорт додасына Қостанай, Степногорск қалалары мен Астрахан, Бұланды, Жақсы, Ерейментау, Атбасар, Егіндікөл, тағы басқа аудандардан командалар қатысты. Екі топқа бөлініп ойнап, кейін жүлделі орындарға қол жеткізгендері ақтық мәреде өнер көрсетті.
Жартылай финалда егіндікөлдік командамен кездескен ақкөлдік футболшылар финалда да қарсыластарынан басым түсіп, Қостанайдан келген қонақтарды 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Нәтижесінде, қола медальды Шаңтөбе балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шәкірттері иеленсе, қалған үздік ойыншылар бірнеше аталымдар бойынша марапатталды.          

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар