Ардагерлер біріншілігі

Шахмат пен дойбыдан ардагерлер арасындағы аудандық біріншілік еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған біріншілікке қатысуға ынталылар аз болмады.Дойбы жарысында қарсыластарының бәрін қапы қалдырған Талапкер ауылынан келген  Мұрат Ахметов бірінші орынды иеленсе, екінші орынды воздвиженкалық Көкентай Сылқымбаев пен Қосшы ауылынан келген Дүйсенбай Сауырбаев еншіледі. Жүлделі үшінші орынды Дәулетбек Ақанов, Могамед Сукалов және Мұрат Батыров жеңіп алды. Шахмат жарысы аса тартысты өтіп, бас жүлде Ақмол ауылының шахматшысы Сегізбай Жахинге бұйырды. Жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар