Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ауылым – алтын тұғырым» - АРҚА АЖАРЫ

«Ауылым – алтын тұғырым»

Облыс орталығындағы Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен 2012-2015 жылдары қала мектептері арасында «Мәртебелім – мектебім» атты көрме байқауы өткен еді. Енді міне, ол барлық аудан мектептерінің қатысуымен «Ауылым – алтын тұғырым» атты көрмеге ұласты.

 

Мәлік Ғабдуллин музейіндегі көрме байқауға алғашқы болып Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылының негізгі мектебі келді. Мектеп үшін бұл қуанышты жағдай. Себебі, ауыл тарихын қала тұрғындарына таныстыру мүмкіндігі туып отыр. Ұлтымыздың салты мен дәстүрін қала балалары біле бермейтіні белгілі. Осы көрме арқылы қала тұрғындары ауылдан шыққан тарихи тұлғалармен, соғыс және еңбек ардагерлерінің өмірбаянымен, ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымен, ескіден қалған көне жәдігерлермен таныса алады.
Көрменің ашылу салтанатында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева музейдің ұйымдастырып отырған бұл шарасы қала мен ауыл мектептері арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқауы болатынын айтып, биыл өңірде осындай 15 инновациялық жобаның жүзеге асырылатынын жеткізді. Соның бірі осы «Ауылым – алтын тұғырым» көрмесі. Көрме арқылы қала тұрғындарына ауылдың қадір-қасиетін ұғындыру керек. Ал, қалалық білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов өзінің еңбек жолын осы Айдарлы мектебінен бастағанын, сондықтан, бұл мектептің жанына жақын екенін жасырмады және облыста бұрын-соңды мұндай шараның өтпегенін ескеріп, игі бастамаға сәттілік тіледі.
– Қазақтың қара шаңырағы – ауылдан шыққан білікті мамандар, үздік оқушылар, ұлағатты ұстаздар да аз емес. Кез-келген саланы дамытып, жаңғыртып жатқан тұлғалардың бәрі де ауылдан шыққан. Сол себепті біз жеткен жетістіктерімізді ауыл мектебі музейі арқылы насихаттайтын боламыз. Көрме 2018 жылға дейін жалғасады. Әр ай сайын жаңа мектеп өз көрмесін әкеледі. Аталған шараның нәтижесі бо-йынша альбом-энциклопедия шығару да ойымызда бар, – деді өз сөзінде Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек.
Айдарлы ауылының дені Қарауыл руының ішіндегі Жаулыбай тегі Дүйсен бидің ұрпақтары. Дүйсен би осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын Көкшетау өңірінде өмір сүрген айтулы тұлға. Аталмыш көрмеге Дүйсен атаның ұрпақтарының бірі экономика ғылымдарының докторы Қасымхан Құсайынов та келіп, сөз сөйлеп, осы көрменің басы-қасында жүрген музей қызметкерлеріне және қарашаңырақта түтін түтетіп отырған ағайындарына батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Көрменің ашылу салтанатында Айдарлы мектебінің өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Содан кейін Мәлік батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналған қауым музей ішіндегі көрмені тамашалауға асықты. Көрмемен алтыншы сынып оқушылары Шахерезада Бейбаева мен Ақбота Жасұлан таныстырды. Ауылдың әрідегі тарихынан бастап бүгінгі тұрмыс-тіршілігіне дейін әңгімелеп берген оқушыларды жұрт ұйып тыңдады. Ауыл музейінің экскурсоводы Индира Уәхитованың айтуынша музейде қазірдің өзінде 150 экспонат бар. Алдағы уақытта музей қорын толықтыру жұмыстары жалғастырылмақ.
Қазақтың құт мекені болған ауыл көрмелерінің байқауына әділ бағасын беретін қазылар алқасы да белгілі болды. Қазылар алқасының төрағасы болып мемлекеттік тілді оқыту орталығының басшысы Қаратай Төлекеев сайланды. Ал, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, облыстық «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сансызбай Мұхитанов, «Әдебиет және өнер» музейінің бас қор сақтаушысы Сара Қожахметова, Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері Эльмира Жұмағұлова, облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Гүлім Рахымжанова және облыстық білім басқармасының жанындағы тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің қызметкері Кира Цуневская қазылар алқасының мүшелері
болды.

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар