Жас дарындарға қол соқты

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығында «Көктем еркесі» атты облыстық байқау болып өтті.

 

Аталмыш сайысқа  Аршалы, Бұланды, Жақсы, Шортанды, Зеренді, Ерейментау, Жарқайың, Ақкөл, Бурабай аудандары мен облыстағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының 10-11 жасар дарынды қыздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олар «Сән үлгісі», «Сұрақ-жауап», «Саусағынан өнер тамған» және  «Өнерлі ару» атты төрт кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты. Байқауға қатысушылар  өнерлерімен қоса, әдет-ғұрып тақырыбындағы сауалдарға да жа-уап берді.
Нәтижесіндe әділқазылар алқасының шешімімен  Бурабай ауданынан келген «Мирас»  мектеп-гимназиясының оқушысы Алана Сексенова «Көктем еркесі» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Байқауға қатысқан басқа да жеңімпаздар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алда да осындай бүлдіршіндердің үкілі үмітін асқақтатар байқаулар бола түссе нұр үстіне
ңұр.

 Жанат БЕКІШЕВА,
облыстық оқу-әдістемелік

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар