Итқара батыр қай жерде жерленген?..

Еліміз егемендік алғалы төл тарихымызды таразылап, ата-бабаларымыздың өмір дерегін, тағдыр жолын іздеп табуға мол мүмкіндіктер туып отыр.

Қанай би Құттымбетұлының Бақы, Итқара, Солтангелді деген балаларынан тараған ұрпақтары Зеренді ауданының Игілік, Жамантұз, Қарабұлақ, Еңбек-бірлік, Ұялы, Қойсалған ауылдарында тұрады.
Жерлес қаламгер Жанатай Бекеновтің Қанай би туралы кітабында Қанай бидің баласы Итқара жоңғарлармен соғыста қаза тауып, Алматы қаласы маңындағы Итқара тауында жерленді деп көрсетілген. Біз осы деректі Игілік ауылының 102 жасқа келіп қайтыс болған құрметті ақсақалы Өзбек Елемесовтен де естіп едік. Өзбек атамыздың айтуына қарағанда, Итқара атамыз Алматы мен Талдықорған қалаларының арасындағы Арқарлы асуының маңында жерленген.
Осы деректер бойынша Итқара атамыз туралы деректерді, жерленген жерін іздеп жүргенде Алматы қаласының тұрғыны Тайжан Айхымбеков деген азаматпен таныстық. Тайжанмен кездескенде, ол кісі
атасынан естігені бойынша қазақтар мен жоңғарлар соғысында арғын руынан Қара батыр (Итқара батыр) деген батыр болған. Жерленген жері Арқарлы асуының оң жағында, таулардың арасында деп, бала кезінде атасымен Итқара атамыздың зиратына құран оқығандарын есіне түсірді. Осы Тайжанның көрсетуімен 2015 жылдың қазан айында Алматы – Талдықорған тас жолының бо-йында, Арқарлы асуындағы «Дорстрой» деген кішкентай ауылдың (жолдың бойында базар, дәмханалар орналасқан) оң жағындағы (шамамен жолдан 2 шақырым) таудың үстіне жерленген атамыздың зиратын
таптық.
Зеренді ауданы Қанай (бұрынғы Қарабұлақ) ауылының азаматы Сайлау Ахметбековтің «Бұқпа!» газетінде жарияланған мақаласында келтірілген деректерге қарағанда,  Итқара атамыз Абылай ханның күзет әскері тобында болған. Шамамен 1754 жылдары қазақтар мен қалмақтар шайқасында қаза тапқан.Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 жылы хан бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мыңдай ойрат әскерінің шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-тамыз айларында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға түсірген. Осы 1754 жылғы шайқастардың бірінде Итқара батырдың астындағы атына оқ тиіп, өзі қалмақтардың қолынан қаза тапты деген дерек
айтылады.
Шежіре бойынша Итқарадан –
Кенжеболат, Бекболат, Жайық, Ескене туған, Бекболаттан – Жаман, Шөже, Балапан тараған.
Осы жоғарыда көрсетілгендерді жазып отырған себебіміз, Итқара батыр ұрпақтарына атамыздың қай жерде жерленгенін жеткізу еді. Жоғарыда көрсетілген Игілік ауылының тұрғындарымен ақылдаса отырып, Итқара атамыздың басына осы жылдың сәуір-мамыр айларының ішінде белгі тас орнатып, ас беруді жоспарлап отырмыз.
Итқара атамыздың зиратын, жатқан жерін барып көремін деген ұрпақтарына мына телефонмен байланысуға болады. 8(7172)23-27-80; 31-95-63; ұялы тел.: 87023449187, Қадырбек Шақымов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар